қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
04.03.2019

Физика пәнін оқытудағы кейбір түйткілді мәселелер

 

Былтыр өзінің 90 жылдығын елімізде кеңінен атап өткен қарашаңырақ - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтында өткен аптада «Физика пәнін мектеп қабырғасында оқытудағы түйткілді мәселелер: инновациялық идеялар және білім беру бағдарламалары» тақырыбы бойынша «Дөңгелек үстел» өтті.

 

Физика кафедрасы ұйымдастырған бұл жолғы «Дөң­гелек үстелге» еліміздегі бірқатар ұлттық университеттер мен Ұлттық Ғылым академиясы­ның ғалымдары, педагог маман­дары және де Алматы қаласындағы бірқатар мек­тептің басшы­лары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

«Дөңгелек үстел» тақырыбына қатысты Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясының академигі, физика-мате­матика ғылымының докторы, профессор Н.Такибаев, Математика, физика және информатика институты директо­рының оқу ісі жөніндегі орынбасары, физика-матема­тика ғылымының кандидаты, қауым­дасты­рылған профессор Ш.Хамраев, педагогика ғылымының докторы, профессор М.Молдабе­кова, Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Б.Кронгарт қатарлы азаматтар баяндама жасады.

 

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар болашақ физика пәнінің мұғалімдерін даярлау ісіне аса көңіл бөлу қажет­тігін атап өтті. Мұнда физика пәнінің мұғалімі маман­дығы бойынша бітіруші ЖОО-ның түлектері өз ісінің мықты маманы, терең білімді болуымен бірге, физика пәнін үйре­туде қазіргі заман талаптарына сай инновация­лық тәсіл­дерді жетік меңгерген болуы қажет деп атап көрсетілді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің педагог мамандары тарапы­нан физика пәні бойынша орта мектептерде оқытылатын оқулық­тарды бүгінгі күннің талабына сай қайта қарап, кем-кетігін толықтыру жағынан және физика пәнінің мұғәлімдеріне пәнді үйретуде әдістемелік жағынан көмек қолдарын созу қажеттігі айтылды.

 

Авторы: Досан Баймолда,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры,

физика ғылымының PhD докторы.

04.03.2019 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz

 



434

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler