қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы орталық ашылды

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде айтыс ақындарына арналған орталық ашылды. Бұл орталық - дәрісхана ретінде жұмыс істейтін болады. Дәрісханада жас ақындар айтыс өнеріне қатысты сабақтар алып, өнерін жетілдіреді.

 

"Ауызша авторлық поэзия мен жазба әдебиеттің тұтас құбылысы осы жерде сарапталып, студенттердің дайындық деңгейлері негізгі сабақ түрінде талқыланып отырады. Сондай-ақ әдеби ізденістерге қатысты қандай ғылыми жетістіктер болып жатыр, соның бәрі орталықта талқыланып отырады. Дәрістер өткізіліп, әдеби-танымдық шаралар өткізіліп отырады", - дейді Оразалы Досбосыновқа сабақ берген ұстазы профессор Темірхан Тебегенов.

 

Айта кету керек, қазақ айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Оразалы Досбосынов осы универсиеттің филология факультетінде оқыған. Ал, университеттің ашылғанына биыл 90-жыл.

 

Орталықтың ашылу құрметіне жас ақындар арасындағы айтыс өтіп жатыр. Екі күнге созылатын айтысқа 50-ден аса студент қатысуда.

 

 

19.02.2019 ж.

Ақпарат көзі: zhasalash.kz



476

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler