қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
18.02.2019

Жастар жылы-2019

 

14 ақпанда «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы студенттер арасында шахмат, тоғызқұмалақ, қол күрес спорт түрлерінен «Жастар жылы-2019» тақырыбында жарыс ұйымдастырды.

 

Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтарын нығайту, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараның ашылу салтанатында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлық институттардың студенттері белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.


Байқаудың қорытындысы:

- шахматтан 1-ші орынды Сорбонна-Қазақстан Институтының командасы, 2-ші және 3 -ші орындарды Филология және көптілді білім беру институтының, Жаратылыстану және география институтының командалары алды.
- тоғызқұмалақтан 1-ші орынды Жаратылыстану және география институты командасы, 2-ші орынды Филология және көптілді білім беру институтының командасы, 3-ші орынды Сорбонна-Қазақстан Институтының командасы жеңіп алды.

- қол күрестен 1-ші орынды Сорбонна-Қазақстан Институтының командасы, 2-ші орынды Жаратылыстану және география институты, 3-ші орынды Тарих және құқық институты иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

 

 

   

 

   

 

   

 

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы



850

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler