қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
04.02.2019

ҚазҰПУ сайты Webometrics-2019 рейтингісінің үздік төрттігіне енді!

 

2018 жылдың қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Laboratorio de Internet (Edition 2019.1.0) зерттеу зертханасының веб-сайтында жарияланған «Webometrics Ranking of World Universities» (Әлемдік университеттердің веб-сайттар рейтингісі) жаңа рейтингісінің қорытындысы бойынша университет үздік сайттар төрттігіне кіріп, 122 қазақстандық ЖОО арасында 4-ші (!) орынды, әлем бойынша 5181-ші орынды иеленді. Аталмыш рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында Абай атындағы ҚазҰПУ сайты 1-ші орынды иеленді!

 

ҚазҰПУ-дың ресми сайты 2018 жылдың қаңтарында «Webometrics (Ranking Web of Universities)» веб-сайттар рейтингісінде әлем бойынша 8686-шы, Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында 15-ші орынға ие болған.


Webometrics рейтингі әртүрлі университеттердің ғалымдарының зерттеуіне, Интернеттегі университеттің ғылыми басылымдарына сілтемелер және соңғы 5 жылда университеттің зерттеу әлеуетіне негізделген.

 

ЖОО-ның рейтингтегі орны оқу орнының білім беру және ғылыми жетістіктерін көрсететін университеттің веб-сайтының сапасына қарай бағаланады.

 

Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiң көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғаламтор желісіндегі ғылыми жарияланымдар, әр ЖОО ғалымдарының зерттеу еңбектері, оларға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады.

 

 

 

Ақпарат көзі:

http://www.webometrics.info/en/Asia/Kazakstan


 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



694

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler