қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.01.2019

Физиканы қалай оқыту керек?

 


 

Былтыр өзінің 90 жылдығын елімізде кеңінен атап өткен қара шаңырақ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информа­тика институтында «Физи­ка пәнін мектеп қабырғасында оқытудағы түйткілді мәселелер: инновациялық идеялар және білім беру бағдар­ла­малары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараға еліміздегі бірқатар ұлттық универ­си­теттер мен ұлттық ғылым академиясының ғалымдары, педагог ма­ман­дары және Алма­ты­да­ғы бірқатар мектептің бас­шылары, қоғамдық ұйым­дардың өкілдері қатысты.

 

ҰҒА академигі, физика-ма­тематика ғылымдарының док­­торы, профессор Н.Таки­баев, Математика, физика және ин­­форматика институты ди­рек­­­торы­ның оқу ісі жөнін­дегі орын­басары, физика-матема­ти­­ка ғылым­дарының канди­даты, қауымдастырылған про­фессор Ш.Хамраев, педагогика ғылым­дарының докторы, про­фес­сор М.Молдабекова, Назарбаев Зияткерлік мектебі­нің физика пәнінің мұғалімі Б.Кронгарт баяндама жасады.

 

Алматыдағы №134 лицей директоры В.Шилеев, физика пәнін тереңдетіп оқытатын №90 орта мектеп директоры К.Өмешбаев қатарлы азаматтар өздері басқаратын мектептерде физика пәні қалай оқытыла­тын­­­ды­ғы жайымен ой бөлісті. Орта мектеп қабырғасында оқушы­ларға физика пәнін үйретуде Кеңес заманын еске түсіретін ескірген, көбі істен шығып қалған физикалық құ­рал аспап­тар­мен жабдық­тал­ған зертха­налардың болуы бүгінгі күннің талабына сай еместігі тілге тиек етілді. Сондықтан оның орнына физикалық зама­науи құралдармен жабдық­талған жаңа зертханалардың болуы оқушыларға пәндік тақырыптарды еркін, жеттік меңгерту ісіне оң әсерін тигізе­тіні айтылды. Мысалы, Еуропа елдері тіптен Ресейдің кейбір лицей, орта мектеп­терін­де физика пәнін оқыту бағдарла­ма­сына сай нанотех­но­логия, робот техникасы секілді пән­дер оқытылып соған сай зама­науи құралдармен жаб­дық­талған зертханалар болса, біздегі мектептерде бұл пәндер мүлдем оқытылмай отыр.

 

Дөңгелек үстелге қатысу­шы­лар болашақ физика пәнінің мұғалімдерін даярлау ісіне аса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Мұнда физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіруші ЖОО-ның түлектері өз ісінің мықты маманы, терең білімді болуымен бірге физика пәнін үйретуде қазіргі заман талап­тары­на сай инновация­лық тә­сілдерді жетік меңгерген бо­­луы қажет деп атап көрсе­тілді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педа­гог мамандары тара­пы­нан фи­зи­ка пәні бойынша орта мек­теп­терде оқытылатын оқулық­тар­ды бүгінгі күн тала­бы­на сай қайта қарап, кем кетігін то­лық­ты­ру жағынан және физика пәнінің мұғалім­де­ріне пәнді үйретуде әдісте­ме­лік жағынан көмек қолын созу қажеттігі айтылды.

 

Авторы: Досан Баймолда,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, физика ғылымының PhD докторы

29.01.2019 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz


 



172

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler