қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
14.12.2018

Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар табыстады

 


 

«Еліміздің ең басты мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген азаматтарды марапаттайтынын жақсы білесіздер. Азаттық алғанымыздың 27 белесін атап өтетін биылғы жылы 1600-ден астам адам мемлекеттік наградаға ие болып отыр. Бұл егеменді елімізді дамытуға, халқымыздың игілігін еселеуге үлес қосқандардың еңбегінің жоғары бағалануы. Бүгін де Қазақстан өз көшбасшысының сындарлы саясаты мен сарабдал жетекшілігі, халқымыздың ерен еңбегінің арқасында нарықтық экономикасы, демократиялық саяси жүйесі, дамыған азаматтық қоғамы бар әлемге танымал заманауи мемлекетке айналды», деді Гүлшара Әбдіқалықова.

 

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы өз сөзінде елімізде қазіргі таңда барлық салада жаңғыру үдерісі жүріп жатқанын тілге тиек етті.

 

 

«Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Жолдауында және «Ұлы даланың жеті қыры» деген тұжырымдамалық мақаласында дамуымыздың жаңа басымдықтарын айқындап берді. Осының барлығы Сіздерге зор жауапкершілік пен жаңа міндеттер жүктейді. Бүгін награда алатын азаматтардың қатарында түрлі мамандық иелері бар. Барлық игілігіміздің бастауы - Тәуелсіздікті нығайту үшін күш-жігер жұмсап келе жатқан Сіздер еліміздің баянды болашағы жолында алдағы уақытта да аянбай қызмет атқара берер деп сенемін», деді Мемлекеттік хатшы.

 

Осыдан кейін мемлекеттік наградаларды тапсыру туралы Елбасының Жарлығы оқылды. Жарлықта айтылғандай, мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қосқан елеулі үлесі үшін келесі азаматтарға награда тапсырылды.

 

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:

 

1. Имандосов Самұрат Жұманұлы - «Рза» АҚ президенті, Қызылорда облысы;

 

2. Өмірзақ Озғанбаев - «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары.

 

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен:

 

3. Құрманбаев Бақыт Жанұзақұлы - Қауіпсіздік Кеңесінің бөлім меңгерушісі.


«Парасат» орденімен:

 

4. Әбілқасымова Алма Есімбекқызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры;

 

5. Дәуешов Марат Еркінұлы - Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі;

 

6. Калайчиди Алексей Дмитриевич - Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі;

 

7. Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлы - Алматы облысы Балқаш ауданындағы «Бірлік» Агрофирмасы» ЖШС президенті;

 

8. Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы - «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» басқарма төрағасы;

 

9. Омаров Бауыржан Жұмаханұлы - Президент Баспасөз хатшысының орынбасары;

 

10. Примбетов Серік Достанұлы - Еуразиялық даму банкінің Бішкектегі өкілдігінің директоры;

 

11. Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары;

 

12. Салжанов Исламбек Төлеубайұлы - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Астана қаласы;

 

13. Тасқарина Долларес Сүндетқызы - Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының директоры;

 

14. Үкібай Айдос Ыдырысұлы - Президенттің Баспасөз-хатшысы;

 

15. Юсупова Әлия Мақсұтқызы - көркем гинастикадан Шымкент қалалық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

 

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен:

 

16. Теменов Талғат Досымғалиұлы - Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі.

 

«Құрмет» орденімен:


17. Аққайсиева Айзада Үмбетқызы - «Казморттрансфлот» компаниясының қаржылық директоры, Ақтау қаласы;

 

18. Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы - Президенттің көмекшісі;

 

19. Жарқынбекова Назира Асанқызы - Түркістан облысының клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі;

 

20. Ілиясов Марат Даңғылұлы - композитор;

 

21. Қасымова Гүлфайруз Қабденқызы - Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры;

 

22. Рауан Кенжеханұлы - Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры, Астана қаласы;

 

23. Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы - Мәдениет және спорт вице-министрі;

 

24. Төленбаева Клара Мүфтиқызы - Мемлекеттік күзет қызметі Президент оркестрі ән және эстрада ансамблінің жетекші солисті;

 

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:

 

25. Баубеков Жұмабай Саттарұлы - «Б.Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС машинисті, Павлодар облысы;

 

26. Уфимцев Олег Викторович - Ақмола облысындағы «Викторовское» ЖШС механизаторы;

 

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен:

 

27. Байнеш Мейір Жеңісұлы - Астана қаласындағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының опералық труппасының жетекші солисті;

 

28. Серғазин Дәурен Серікбекұлы - Астана қаласындағы Жастар театрының актеры;

 

29. Серікова Лиза Зинельева - Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жастар театрының әртісі.

 

 

14.12.2018 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz



298

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler