қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
30.12.2014

«VIII Қасымбаев оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болды

 

2014 жылдың 9 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен VIII Қасымбаев оқулары республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Конференцияға республикамыздың және таяу шетелдердің тарихшылары тарапынан 97 баяндама келіп түсті.
Конференция өз жұмысын «Өңір тарихы: негізгі ғылыми теориясы мен жергілікті зерттеу тәжірибесі», «Тәуелсіздік идеясы: Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар мен адамдар тағдыры», «Өлкетану: Тәуелсіз Қазақстандағы бастауыш, орта және арнайы орта білім жүйесіндегі оқу-әдістемелік тәжірибе және тәрбие жұмысы» деп аталатын 3 секцияда жүргізді.
Конференция залында мәжілісті т.ғ.д., профессор Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі А.Ш. Махаева жүргізіп отыр.
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында : «Отанды сүю-бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!», - деп көрсеткен болатын. Бұл тарихшы ғалымдарға өңір тарихын зерттеуде жаңа міндеттер жүктейді», - деп бастады өз сөзін А.Ш. Махаева
Пленарлық мәжілісте сөз алған ғалымдар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, т.ғ.д. Т.Ә. Төлебаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -дің профессоры, т.ғ.д. Н. Мұқаметханұлы,Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директорының орынбасары С.Ө. Смағұлова және т.б. өңір тарихын зерттеуде қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін және зерттеу бағыттарын баяндады. Сонымен бірге пленарлық мәжіліске қатысқан университеттің Ғылым басқармасының бастығы Б.Е.Оспанов, проректор Ғ.К. Кенжебаев Тарих факультетінің оқытушы-профессорларын құрылғанына 80 жыл толуымен құттықтап, творчестволық табыстар тіледі. Конференцияға қатысушыларға мұқабасында Верный бекінісіне дейін Үшалматы өңірінде салынған Тойшыбек би бекінісінің суреті бар конференция материалдары таратылды. Бұл сурет Жетісу өңірі тарихының жаңа қырын көрсете керек.

 



725

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler