қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.11.2018

Жеке тұлға жауапкершілігі жоғары

Жолдау және жұртшылық

 


Адами капиталдың сапасын арттыруға күш саламыз

 

Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын кезекті Жолдауын жолдады.

 

Бұл Жолдаудың аты айтып тұрғандай, қазіргі ХХІ ғасырдағы өзгермелі уақытта, әлемнің қа­рыш­тап, күн сайын жаңа иннова­циялық технологиялардың жаңа түрлері қолданысқа еніп жатқан кезеңде, халқымыздың осы көшке еріп қана қоймай, тұрмыс сапа­сын арттырып, табысқа қол жет­кізе білуі мемлекетіміздің басты міндеті. Президент бұл Жолдау­ында біздің еліміздің жаһандық дағдарыс қыспағынан жол тауып, мемлекетті алға сүйрейтін басты бағыттарды атап көрсетті.

 

Биылғы Жолдау ел экономи­касының әртараптанып, халқы­мыз­дың тұрмыс-тіршілігінің жақса­руын, қазақстандықтардың болашақта қалай дамитынын анықтап берді. Жолдаудағы «Ха­лық табысының өсуі», «Тұрмыс сапасын арттыру», «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру», «Аза­маттардың сұранысына бейім­делген мемлекеттік аппарат», «Тиімді сыртқы саясат» деп атала­тын бағыттары жаңа Қазақ­стан­ның алға қадам басардағы басты бағдаршамы. Бұл, әрине, еліміздің алдағы уақытта қай бағытта құлаш сермеуіне жол көрсетеді десе де, біз білім саласының қыз­меткерлері болғандықтан осы білімге қандай тың бастамалар мен жаңалықтар енеді деп құлақ түріп отырамыз.

 

Жолдауда Елбасы педа­гог мәртебесіне кеңінен тоқтал­ған. Өйткені, қазіргі таңда мұға­лімдердің мәртебесі мен олардың өлшеусіз еңбегі заң аясында қорғалу керектігін қоғамның өзі анықтап берді. Әсіресе, Прези­дент­тің «5 жыл ішінде білім, ғы­лым, денсаулық сақтау сала­ла­рына барлық көздерден жұмса­латын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жет­кізу қажет», - деп айтқаны білім саласына деген үлкен жанашыр­лық қамқорлығы деп білеміз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы­ның мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі өзгерту керек дегені болашақ ұрпақтың жан-жақты дамыған, кез-келген ортаға өзін бейімдей алуына жол ашары сөзсіз.

 

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы білім сапасының жақсаруын күшейту, жоғары оқу орындарын ірілендіру деген ұсы­ныстары еліміздегі білім бәсеке­сінің артуына жол ашады деп біле­мін. Өйткені, маман даяр­лауда қазіргі заманауи сұранысқа қарай Қазақстанды дамытуға жағдай жасап, адами капиталдың сапасын арттыруға күш сала білетін оқу орындарының ғана жұмыс істеуіне толық мүмкіндік беріп отыр. Ұлт көшбасшысының әлемдік елдердің тәжірибесінен құралған Назарбаев Университе­тінің үлгісімен жаңа жоғары оқу орындарын құру қажет деген міндеттері бұдан былай білім саласына жауапкершілікті артты­ра­тыны сөзсіз.

 

Бұл салада 90 жылдық тарихы бар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне де нақтылы міндеттер артылатыны ақиқат. Біздің университетіміз ректор Такир Балықбаевтың бас­тамасымен көптеген тың баста­малардың бастаушысы болып, еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы деген аттан айнымай келе жатыр. Президенттің биылғы Жарлығы­мен мемлекеттік гранттардың саны артқаны баршамызға мәлім. Сол гранттардың көпшілігін біздің оқу орнымыз иеленіп отыр. Бұл да біздің оқу орнымыздың талапқа сай білім беретінінің айғағы. Биылғы оқу жылының өзінде-ақ көптеген жаңа бағ­дарлама құрылып, студенттері­міздің бәсекеге қабілетті маман болуына біршама жұмыстар жүргізілді. Оқу үдерісіне жаңа инновациялық технологиялар кеңінен енгізілуде. Оқытушы-профессорлардың жауапкершілігі арттырылды. Білімді бағалаудың критерийлік үлгісі енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойын­ша біздің студенттеріміз шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқып келсе, шетелдік профессор­ларды да өзіміздегі оқу үдерісіне көптеп тартып отырмыз. Бүгінде әлемнің 23 мемлекетінің 130 уни­верситетімен әріптестік қызмет атқарып келе жатқан оқу орны­мыз бұдан былай да өрісін кеңейте береді деп ойлаймын.

 

Қысқасы, Жолдау нақтылы міндеттер белгіледі. Енді оны жүзеге асыруға атсалысу барша­мызға сын.

 

Авторы:Хайрулла Жанбеков,

Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық мәселелер жөніндегі

департамент директоры

23.11.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz

 



89

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler