қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
07.11.2018

Алматыда Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Білім және ғылым министрлігінің және Алматы аймақтық ректорлар Кеңесінің, Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті.

 

Еуропалық бағдарламалардың маңыздылығына және ерекшеліктеріне тоқталып өткен университет ректоры, Алматы аймақтық ректорлар Кеңесінің төрағасы Такир Балықбаевтың айтуынша, Эразмус+ бағдарламасы білім беру жүйесін тұрақты дамытып, тиімділігін арттыру арқылы қазақстандық білімді халықаралық деңгейге көтеруге ықпал етеді. Бағдарламалар оқытушыларымызға және студенттерге жоғары білім беруде мол тәжірибе жинақтауға, бәсекеге қабілетті болуға әрі кәсіби деңгейін көтеруге қолайлы.

 

Эразмус+ бағдарламасының Ақпараттық күніне, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, ҚР-дағы Француз Елшілігі Бас консулдығының университеттік ынтымақтастығы бойынша атташесі Жиль Меметц, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, республикамыздың өңірлерінен келген жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

 

Шара аясында Шайзада Тасболатова бағдарламаның жаңа жобалары, конкурстарға қатысу ерекшеліктері туралы баяндап, Эразмус + бағдарламасына қатысам деушілерге арналған жобаларды қаржыландыру бойынша кеңестер берді. Іс-шара барысында Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің өкілдері өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

07.11.2018 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz


 



43

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler