қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Бегалиева Сауле Баязқызы

Бегалиева Сауле Баязқызы

 

 

2000 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел азаматтарына арналған филология мамандықтары кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. 2011 жылы «13.00.08 - Кәсіби білімнің теориясы мен практикасы» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғады. С.Б.Беғалиеваның ғылыми қызығушылықтары болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін педагогикалық инновациялық технологияның тәсілдері арқылы қалыптастыруды зерттеуге бағытталған. С.Б.Беғалиева авторлық құқығын мемлекеттік тіркеу туралы 5 куәліктің иегері. 150-ден астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. С.Б.Беғалиеваның 3 монографиясы жарық көрген. Сонымен қатар ол жалпы білім беретін мектептердің 5, 7, 10 және 11 сыныптарына арналған орыс тілі бойынша оқулықтардың, оқушылар мен мұғалімдерге арналған оқу құралдарының, колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралдарының, бірнеше электрондық оқулықтардың авторы болып табылады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2007 ж.), Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі болып табылады. С.Б.Беғалиеваның «Ғылым және білім саласында еңбек сіңірген қайраткер», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2012 ж.) атақтары бар, 2013-2014 жж. арналған ҚР БжҒМ мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері, алтын медальмен және Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатаның дипломымен марапатталған.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler