қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
26.10.2018

Депутаттар жолдау туралы ой өрбітті

 


 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауы бүгінде жан-жақты талқыланып, ел ішінде соны серпін туғызып отыр. Таяуда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Төлеубек Мұқашев, Динар Нөкетаева және Мәжіліс депутаты Дулат Құсдәулетов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болып, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен және шәкірттермен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы бойынша салиқалы әңгіме өрбітті.


Кездесуге арналған жиынды аш­қан университет ректоры, про­фессор Т.Балықбаев Мемлекет бас­шысының биылғы Жолдауы халықтың әлеуметтік және тұрмыс­тық жағдайына деген Елбасының қам­қорлығына толы екенін атап көрсетті. Оның ішінде халықтың тұрмыс сапасының бір тетігі - өмір сүру деңгейінің артуы дейтін болсақ, мұнда білім берудің, ден­саулық сақтау саласының ма­ңызы зор. Тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіп­сіз жағдайда өмір сүру мәсе­ле­лері әрбір азаматтың отбасына қатысты. Мұның ішінде білім, ғылым саласының орны ерекше. Елбасының білімге баса мән беріп отыруы сондықтан.


Ректор Т.Балықбаев Жолдаудан туындайтын міндеттерге байланысты университетте атқарылып жатқан игілікті істерге, оқу орнының алдағы даму болашағына кеңінен тоқталды.


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева 90 жылдық тарихы бар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­вер­ситетінің еліміздегі педагоги­калық жоғары оқу орын­дары­ның көш­басшысы ретіндегі рөліне тоқ­тала келіп, Мемлекет бас­шы­сы­ның Жолдауы туралы ой өрбітті.


- Президентіміз 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігін, қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз ететін тиісті реформаларды жүзеге асыру үшін бағыттау керектігін айтып отыр. Бұл үлкен жетістік. Ел бойынша жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы осы салаларға жұмсалатын болса, қыруар жұмыс атқарылатыны сөзсіз.


Елбасы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақ­сарту міндетін қойып отыр. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығарма­шылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыпта­саты­нын еске салған Елбасы білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істеуге басты назар аударылатынын ескертіп, бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызмет­керлердің еңбегіне ақы төлеудің жүйесін қайта қарауды ұсынды.


Мемлекет басшысы орта білім беру жүйесінде атқарылатын ең маңызды жұмыстар туралы айта келіп, Назарбаев зияткерлік мек­теп­терінің оқыту жүйесі мен әдісте­месі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екенін, орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диаг­ностика жүргізу маңызды еке­нін атап көрсетті. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты жаңа міндеттер белгілеп берді. Жолдауда мұғалім мәртебесі тура­лы заң қабылданатыны, олар­дың әлеуметтік және тұрғын үй жағда­йына байланысты мәселелер көте­рілді. Мұның бәрі Мемлекет басшысының білім саласына деген қамқорлығының айқын көрінісі, - деді депутат Д.Нөкетаева.


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзара байланысына тоқталды.


- Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтауды талап етеді. Ол ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығы, ұлттық ерекшелігі. Көп нәрсе адамдардың санасына байланысты. Сондықтан ұлттық сананы жаңғыру үшін жастармен жүргізілетін тәрбие жұмы­сын күшейтуіміз керек. Әсіресе, ең­бек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінгені абзал. Өйткені бүгінде жастар жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан мектептегі еңбек пәнін барынша дамытуымыз қажет. 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланып отырғандықтан, олардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінгені абзал, - деді ол.


Президент Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын» деген еді. Ректор Т.Балықбаев университет ғалымдары мұғалім мәртебесін көтеру туралы көп жылдан бері ғылыми тұжырымдамалар дайындап, бірқатар іс-шараларды жүзеге асырғанын және заң ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Төлеубекова мұғалім мәртебесі туралы заңның жобасын да дайындап қойғанын айтты. Ал профессор Б.Төлеубекова болашақ заңның құқықтық негіздеріне тоқталды.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депу­таты Дулат Құсдәулетов Жолдау­дағы өзекті мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды. Университет студенттері атынан сөз алған Жастар комитетінің жетекшісі Ділдәрбек Дидарбек және Аружан Муталханова студент-жастардың Жолдауды бірауыздан қолдайтынын мәлімдеді.

 

 

Авторы: Мырзахан Ахметов,
Абай атындағы ҚазҰПУ қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

26.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: pr-hal.kz

 



712

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler