қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
10.10.2018

Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының халықаралық форумы өтті

 



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері: дәстүр мен жаңашылдық» халықаралық форумы өтті.

 

Үздіксіз педагогикалық білім беру және педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін талқылау, ғылым мен инновацияларды қолдаудағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуды мақсат етіп отырған форум барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары құттықтау сөз сөйлеп, негізгі мәселелерге тоқталды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мәскеу педагогикалық университетінің бастамасы бойынша құрылған Еуразиялық педагогикалық университеттердің қауымдастығы ЕЭО елдеріндегі білім және ғылым саласындағы интеграцияға бағытталған алғашқы мемлекетаралық қоғамдық ұйым болып табылады. Еуразиялық қауымдастықтың қызметі ғылым және білім беру гуманитарлық кеңістігін қалыптастыруға, ұлттық мәдениеттерді байытуға, өзара ықпалдастықтарды нығайтуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

 

 

Форум жұмысында қазіргі үздіксіз педагогикалық білім берудегі дәстүр мен жаңашылдық, жоғары педагогикалық білім берудегі ұлттық ғылыми мектептер, заманауи ұстаздың кәсіби даму жүйесіндегі үздіксіз педагогикалық білім берудің рөлі, жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп пен жоғары оқу орындарында пәндерді оқыту әдістемесі, білім жүйесіне жаңа сандық және ақпараттық технологияларды енгізу негізінде педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жетекші ғалымдарды тарта отырып, үздіксіз ғылыми байланыстарға қол жеткізіп, ұлттық білім жүйелері мен жоғары педагогикалық білім берудің негізгі үрдістеріне назар аудару, жоғары педагогикалық білім беру сапасын жоғарылату саласындағы байланыстардың тиімді жолдарын әзірлеуге жәрдемдесу сияқты өзекті мәселелер бойынша мамандар пікір алмасты.

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

10.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz 



62

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler