қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
08.10.2018

Ұстаз болу - жүректің батырлығы

 


 

Ержан Арын Омарұлы - 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Филология факультетін «қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 1994-2014 жылдар аралығында Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2008 жылдан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ұзақ жылғы ұстаздық еңбегі дарынды балаларды оқытуға арналды.

 

2015 жылдан бастап Медеу ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда.

 

Аудандық және қалалық, республикалық, халықаралық пән олимпиадасында жүлдегер дайындағаны, сонымен қатар білім беру жүйесінде және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісінде сіңірген еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгілерімен марапатталған. 2000 жылы республика көлемінде тұңғыш рет өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық І олимпиадасында жоғары шығармашылық табыстары үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының екі дүркін І дәрежелі диплом иегері. Қазақ тілі мен әдебиетін жалпы орта білім беру ұйымдарында оқытудың әдістері бойынша өткен 100-ден аса семинар-конференциялар мен тренингтердің қатысушысы әрі жеңімпазы.

 

Ұстаздық еңбек жолында жеткен жетістіктері:


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің Қ.Қатықбаева атындағы «Рухани жаңғырудың тірегі - тіл» байқауы, Бас жүлде.

 

«Дарын» РҒПО өткізген «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы, І дәрежелі диплом.

 

Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы. «Дарын» РҒПО. Астана, ІІ дәрежелі диплом.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық және Алаш қайраткерлерінің 100 жылдық мерейтойына орай өткен ғылыми жоба байқауы, ІІІ дәрежелі диплом.

 

 

08.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz



87

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler