қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
13.09.2018

Университетте сейсмикалық жаттығу өткізілді

 

2018 жылдың 12 қыркүйек күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балыкбаевтың тапсырмасымен «Жер сілкінісі кезіндегі университеттің басшылық, командалық және профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің, қызметкерлердің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.

 

Жер сілкінісі орын алған жағдайда дұрыс әрекет дағдыларын және сақтану іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға Математика, физика және информатика институтының студенттері мен оқытушылары қатысып, жер сілкінісі кезінде туындайтын қауіп және жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы ережелермен таныстырылды. Жаттығу барысында студенттерді университеттің аудиторияларынан қауіпсіз орынға эвакуациялау бойынша жаттығулар жүргізілді.

 

Аталмыш іс-шараға Математика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев, директордың орынбасарлары және профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

Азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық бөлімі

 



78

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler