қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
28.08.2018

Депутатпен кездесу

 

  

 

2018 жылдың 27 тамызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмед Мұрадов университет ұжымымен кездесті. Университеттің және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының өкілдерімен кездесу депутаттың ел өңірлеріне сапары бағдарламасында жоспарланған.


Кездесу барысында кафедрада оқу үрдісін ұйымдастыру, сондай-ақ студенттерді этномәдени бірлестіктерде жұмыс істеуге дайындау мәселелері талқыланды.


Кездесу барысында Ахмет Мурадов: «Бүгін студенттермен тікелей жұмыс істейтін мамандары бар ортаға келіп отырмыз. Бұл - көп ұлтты кафедра. Біз оларды осы ортада еліміздегі бірлікті сақтап қалу мен оны нығайтудағы жауапкершілікке тәрбиелейміз. Бұл біздің бүгінгі таңдағы басты міндетіміз болып отыр».

 

Ахмет Мурадов Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Сондай-ақ, кез-келген бастамаларда қолдау танытуға дайын екенін мәлімдеді.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Георгий Кан кафедраның жалпы міндетін атап өтті:«Кафедраның жұмысы жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, сондай-ақ жастардың қоғамды біріктіретін тарихи құндылықтарды позитивті қабылдауын қалыптастыруға бағытталады».

 

Жалпы еліміз бойынша 40 ҚХА кафедралары жұмыс істейді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аталмыш кафедра ағымдағы жылдың қаңтар айында ашылды.

 

   

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

 

 


 



134

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler