қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
16.08.2018

Бақытжан Сағынтаев жоғары білім беруді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

 


 

Кеңес барысында жоғары білім беру сапасын арттырудың жаңа тәсілдері, оның ішінде заманауи бағдарламаларды әзірлеу, түлектерді сертификаттау, академиялық адалдық жүйесін енгізу, ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының рейтингісін жүргізу бағыттарына қатысты мәселелер талқыланды. Еліміздің жаңа экономикасына кадрларды даярлау сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешені, сондай-ақ, «Академиялық адалдық лигасы» қауымдастығын құруды және барлық жазбаша жұмыстарға «Антиплагиат» жүйесін жаппай пайдалануды қарастырады.

 

Шарада сөз сөйлеген ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіндегі қазіргі жағдай туралы баяндап, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, оның ішінде халықаралық деңгейде арттыруға және мамандарды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған шаралар кешенін ұсынды. Сондай-ақ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдықов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ. Мұтанов, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Д. Шыныбеков, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т. Балықбаев, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Т. Нұрғожин, М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ректоры Т. Нәрікбаев, Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Г. Қорғанбаева және т.б. өз ұсыныстарын білдірді.

 

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдарға аталған ұсыныстарды мұқият зерделеуге және осы жылдың соңына дейін бұл мәселе бойынша кезекті кеңесті өткізуге тапсырма берді.

 

Әлемдік және ұлттық тәжірибеде ұсынылатын қызметтердің сапасын мойындаудың жалпы қабылданған рәсімі аккредиттеу болып табылады. Қазақстанда Аккредиттеу агенттіктерінің тізіліміне 8 агенттік кіреді, олардың 5-і - қазақстандық және 3-і - шетелдік. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу мониторингіне сәйкес 107 ЖОО ұлттық агенттіктерде институционалдық аккредиттеуден өтті, бұл азаматтық ЖОО-лардың жалпы санының 93%-ын құрайды. Мониторинг нәтижесінде 100 қазақстандық ЖОО немесе ЖОО-лардың жалпы санының 87%-ы мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

 

Қазақстандық ЖОО-лар әлемдік рейтингтерге белсенді қатысады. Мәселен, 2018 жылы QS WUR рейтингісінде 10 қазақстандық ЖОО анықталған, өткен жылмен салыстырғанда жоғары оқу орындарының саны өскен. Рейтингке қосылған жаңа қазақстандық ЖОО-лар - Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 16 позицияға көтеріліп, «Топ-300»-ге кірді.

 

Білім беру жүйесін цифрландыру аясында 21 ЖОО Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында бұқаралық ашық онлайн курстарды ілгерілету бойынша консорциум құрды. Цифрлық экономикаға кадрларды даярлау мақсатында пилоттық жоба режимінде іске асырылып жатқан 22 білім беру бағдарламасы әзірленді.

 

16.08.2018 ж.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

 



233

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler