қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
15.08.2018

«Абай және рухани жаңғыру» дөңгелек үстелі

 

2018 жылдың 10 тамызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Хәкім Абайдың туғанына 173 жыл толуына арналған «Абай және рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Аталмыш шара ақын ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қою рәсімімен басталды.

 

«Абай және рухани жаңғыру» дөңгелек үстел жұмысын алғы сөзбен ашқан тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев білім ордасында Хәкімнің мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу, оларды жастарға оқыту, насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шаралар туралы мазмұнды ақпарат берді.

 

Өз кезегінде «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет «Абай және рухани жаңғыру» тақырыбындағы баяндамасында Абай мұрасының рухани және адамгершілік тәрбиедегі айрықша рөлі туралы атап өтті.

 

Шараға Филология және көптілді білім беру институтының директоры, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы, С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының ғалымдары Темірхан Тебегенов, Марат Бекбосынов, Алпысбай Тамаев, Гаухар Махаш, физик-ғалым Камал Раманқұловтар қатысты. Аталмыш іс-шара қатысушылары Абайдың шығармашылық мұрасын әлем тілдеріне аудару, ақынның философиялық дүниетанымын тереңірек ұғыну, заман талабына қарай жаңаша саралау қажеттігі туралы өз ойларын ортаға салды.

 

Жиын қортындысында қатысушылардың жанашырлықпен айтылған қызу талқысынан соң, ұлы ақынның мұраларын тереңірек зерделеу және оқыту мәселелері төңірегінде нақты ұсыныстар айтылып, оларды тиімді іске асыру бойынша шешімдер қабылданды.

 

    

 

    

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты департаменті



278

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler