қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
05.07.2018

«Қазағымның үні сенсің - домбыра» акциясы


2018 жылдың 1 шілдесі күні тұңғыш рет аталып жатқан «Ұлттық домбыра күні» мерекесінің аясында Тәрбие жұмысы, әлеуметтік даму және жастар саясатын дамыту жөніндегі департаменті мен Жастар ісі жөніндегі комитеттің бірлесе ұйымдастыруымен «Қазағымның үні сенсің - Домбыра» акциясы өтті. Аталмыш іс-шара 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында өткізілді.


Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысы негізінде шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп жарияланды.


Мерекелік шара университетіміздің белсенді студенттерінің флешмобымен басталды. Одан әрі мерекелік шараны тамашалауға келген көрермендермен викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенділігімен ерекшеленген көрермен бауырсақтан дәм татып, сыйлықтарға ие болды. Домбыра аспабы жөнінде толық ақпарат беру үшін көрермендерге арнайы жадынамалар таратылды.


Концерттік бағдарламада Құрманғазының «Адай», «Балбырауын», «Көңілашар» күйлері орындалды.


Мерекелік шара университет жастары мен көрермендердің орындауында «Қара жорға» биімен аяқталды.


Осылайша, төл өнеріміз бен ұлттық аспабымызға деген мақтаныш сезімін арттырған мерекелік шара барша аудан тұрғындары мен университет жастарын бір серпілтіп тастады.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 



314

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler