қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
18.06.2018

Cтуденттік жасақтар маусымдық жұмысын бастады


2018 жылдың 16 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жазғы маусымдық жұмысының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараны универитет ректоры Такир Балықбаев ашып, студенттердің алдағы істеріне сәттілік тіледі.


Өз кезегінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ділдабек Дидарбек студенттік жасақтардың жазғы маусымдық жұмыстарына даярлығы туралы мәлімдеді.


Биылғы жылы Студенттік құрылыс жасағы құрамында 60 сарбаз, «Жасыл Ел» еңбек жасағы құрамында 73 сарбаз және қабылдау комиссия құрамында 24 студент жұмыс жасайды. Игі іс университет басшылығы тарапынан қолдау тауып, 157 студент уақытша жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жасақ сарбаздарының айлық жалақылары өсіп, арнайы киіммен қамтамасыз етілді.

 

         

 

          

 


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар 
және жастар саясаты департаменті



911

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler