қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
11.06.2018

Мүмкіндігі шектеулі жастарды оқуға шақырады

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жандардың жастар ұйымы» БҚ бірлесе отырып, университеттің 90 жылдығы аясында және «ЖОО инклюзия болуы қажет» атты жобаны іске асыру мақсатында 13 маусым күні сағат 14.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ №1 оқу ғимаратында «Ашық есік күні» өткізіледі.


Мемлекетіміздегі азаматтардың конституциялық құқын ескере отырып, университет мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан талапкерлерді оқуға қабылдайды. Аталмыш іс-шараға БАҚ, мектеп мұғалімдері мен басшылары, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын мекеме жетекшілері, талапкермен ата-аналары шақырылады.

 

Іс-шара бағдарламасы бойынша білім беру бағдарламаларының презентациясы болады, 2018/2019 оқу жылындағы оқуға қабылдау ережесі түсіндіріледі, университеттің басшылығымен, директор және студенттермен кездесу өткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған орталық көрсетіледі. Ресми жиналыстан кейін Абай атындағы ҚазҰПУ ақпараттық-анықтамалық орталығы ның мамандары келген адамдарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.

 

Авторы: Қайыржан Төрежан

11.06.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz

 



81

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler