қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
07.06.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ - QS World University Rankings рейтингінде қазақстандық үздік ЖОО бестігінде

 

2018 жылдың 6 маусымында QS World University Rankings 2019 рейтингі жарияланды. Рейтинг нәтижесіне сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті әлемдегі ең үздік 800 ЖОО қатарына қосылып, #481 орынды иеленді. Осылайша өткен жылғы көрсеткішті 10 позицияға көтерді.

 

Әлемдік рейтингке ұсынылған республиканың 51 жоғарғы оқу орындарының арасында Абай ҚазҰПУ үздік жоғары оқу орындарының бестігіне кірді, ал педагогикалық оқу орындарының арасында 1 орынды иеленді. 

 

QS World University Rankings әлемдегі үздік университеттер рейтингінің құрастырушылары алты индикатор: зерттеу жұмыстары, оқыту, жұмыс берушілердің пікірі мен мансаптық әлеуеті, шетелдік студенттер мен оқытушылардың саны, академиялық ортада университеттің беделі бойынша университеттерді бағалайды.

 

Әлемдік жоғары оқу орындарының рейтингі: https://www.topuniversities.com/university-rankings/world-university-rankings/2019  

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім

 



108

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler