қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
16.05.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ ҚР Ұлттық рейтингісінің TOP-20 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді

 

2018 жылдың 15 мамырында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) мамандар даярлау деңгейлері мен бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО Ұлттық рейтингісін жариялады. Биыл Қазақстан ЖОО Ұлттық рейтингісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсандағы № 827 жарлығымен бекітілген «Digital Kazakhstan», мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес сандық бағдарламаның күшейтілген нұсқасы арқылы анықталды.

 

2018 жылы ҚР ЖОО Ұлттық рейтингісіне қатысуға 75 ЖОО өтініш берген. Олардың ішінде 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке меншік білім беру ұйымдары, барлығы 58 ЖОО Ұлттық рейтингке енгізілді.

 

Рейтингтің қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті еліміздің үздік университеттерінің TOP-20 қатарында, педагогикалық жоғары оқу орындары арасында ең жоғары позиция - 7 орынды иеленіп отыр. Институционалдық рейтингіде «Білім беру» бағыты бойынша біздің университет бірінші орынға ие. Мамандарды даярлаудың әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларының рейтингтерінде Абай атындағы ҚазҰПУ жоғары көрсеткіштермен көшбасшылық орындарға орналасты.

 

Ұлттық рейтинг қазақстандық ЖОО-ға өз ұстанымын анықтауға, білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, жоғары сапалы жұмыс жасауға ынталандыруға, өнімділігін, беделін арттыру және ең бастысы студенттерді тарту мен жұмыс берушілер үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

 

ҚР ЖОО Ұлттық рейтингісі 2018 - қазақстандық білім берудің сапалы мәдениетін қолдауға және көтермелеуге бағытталған білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететін тиімді бағалау құралы болып табылады. Университеттің әр түрлі бағыттарын қамтитын АРТА көпвекторлы рейтингі ЖОО әлеуеті, ресурстары мен оны одан әрі даму басымдықтары жайлы егжей-тегжейлі көрініс береді, сондай-ақ оқу орнының беделі мен танымалдығына ықпал етеді. Мұның бәрі - абитуриенттердің оқу орнын таңдаудағы маңызды факторы, ал ата-аналар, жұмыс берушілер және қоғам үшін - жоғары сенімділік үшін негіз!

 

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының Ұлттық рейтингі - 2018

 

Қазақстанның үздік 20 ЖОО-ның рейтингісі


Орын

ЖОО

Ұпай

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

281 259

2

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

148 406

3

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

69 770

4

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

45 799-43 642

5

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

38 458

6

Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Тұран университеті

32 238-31 403

7

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Алматы технологиялық университеті

27 775-26 583

8

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

26 431-22 809

9

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

20 663-19 902

10

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Алматы энергетика және байланыс университеті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

16 923-15 757

11

М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

15 024-14 996

12

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Халықаралық білім беру корпорациясы
Нархоз университеті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

13 920-12 271

13

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
С. Демирель атындағы университет
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

10 612-9038

14

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Рудный индустриалды институты
Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

8482-7062

15

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
Сырдария университеті
Қазақ технология және бизнес университеті
Шет тілдері және іскерлік мансап университеті
Қазақ спорт және туризм академиясы
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

6880-5820

16

Каспий қоғамдық университеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Алматы университеті
Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті
Тұран-Астана университеті

5196-4230

17

М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты
Алматы экономика және статистика академиясы
Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль және жол академиясы

3937-3674

18

Алматы басқару университеті
Қазақстан-Ресей халықаралық университеті
Қайнар академиясы

3050-2973

19

Инновациялық Еуразия университеті
Азаматтық авиация академиясы

2299-1852

20

Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университеті
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті
Атырау мұнай және газ университеті

1771-1459

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



408

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler