қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
03.05.2018

«Қазақстан бізді біріктірді» этно-мәдени фестивалі өтті

 

2018 жылы 30 сәуірде шетелдік азаматтарға арналған филологиялық пәндер кафедрасының құрылғанына 25 жыл толуына, Қазақстан халықтарының бірлігі күні және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылғанына 90-жыл толуына орай жастар саясаты және тәрбиелік, әлеуметтік істер жөніндегі департаменті мен Шетел азаматтарына арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультеті «Қазақстан бізді біріктірді» этнофестивалін өткізді.

 

Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Қазақстандағы Корей Республикасының Бас консулы Чжон Сын-мин, бірінші проректор Мақтағали Бектемісов, ғылыми және халықаралық байланыс ісі жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, профессор Князь Мирзоев болды.

 

Университетіміздің 90 жылдығымен құттықтау үшін Халықаралық қазақ-қытай тілдік колледжі студенттері және халықаралық байланыс ісі жөніндегі директордың орынбасары Ануар Сауле, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ, Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі, Т.Жүргенов атындағы өнер ұлттық академиясы, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ химия-биологиялық бағытында оқитын Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебінің және Жамбыл облысы Шу ауылы орта мектебінің оқушылары келді.

 

Алматы қаласындағы Ресей елшілігінің Бас консулы Ирина Переверзева, Москва мемлекеттік облыстық университетінің басқарма бастығы Алексей Юдин, «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы директорының орынбасары Луиза Жұбатова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушылары, сонымен қатар Қытай, Вьетнам, Оңтүстік Кореяның бітіруші түлектері мен студенттері арнайы құттықтау видиосәлемдерін жолдады.

 

Ректор Такир Балықбаев фестивальға қатысушыларды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерей тойымен және Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтап, аталмыш фестивальдің ұлттық дәстүрді, әртүрлі елдер мен халықтар арасындағы достық пен татулықты көрсететіндігі туралы айтты.

 

Сонымен қатар, фестивальға ҚХР, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Филиппин, Иран, Гонкгог, Гана Республикасы, Түрікменстан, Тәжікстаннан және басқа да шет елдерден келген қонақтар университеттің мерей тойымен құттықтап, өз ризашылықтарын білдірді.

 

Осындай фестивальдар әр елдер арасын біріктіреді, мәдениеті мен салт-дәстүрін түсінуге ықпал етеді» деп айтты өз сөзінде Қазақстандағы Корея Республикасының Бас консулы Чжон Сын-мин.

 

Әр елдің ұлттық нақыштағы киімдері, әуезді әндері мен көңіл көтеретін билері келген қонақтардың көңілінен шықты.

 

         

 

         alt= 

 

         

 

         alt= 

 

         

 

         alt= 

 

Шетелдік азаматтарға арналған және

жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)

 



871

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler