қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
17.04.2018

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл» онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі

 

2018 жылдың 16 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл» Онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

Мерекелік жиын студенттер хорының орындауындағы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының әнұранымен ашылды. Әнұран авторлары: сөзін жазған - Эльмира Уайдуллақызы, Ерлан Қасенов, Лариса Лебедева, әнін жазған - Аскен Маханова.


Салтанатты жиында Гаухар Қамзаның жетекшілігімен құрылған қазақ халық аспаптары оркестрі жеке өнер көрсетті. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының негізін қалаған тұлғалар есімін мәңгі есте сақтау мақсатында қолға алынған «Тағылымды тарих» кітаптар сериясының кезекті тұсаукесері өткізілді: 4-кітап ғалым-дидакт, профессор Талғат Сабыровқа, 5-кітап профессор, жаңа буынға арналған «Орыс тілі» оқулықтарының авторы Рабиға Мендекиноваға арналды.

 

Салтанатты жиынға оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сатмурзаев, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, профессор Сағира Рахметова, профессор Рабиға Мендекинова, профессорлар Талғат Сабыров пен Ромсейіт Қоянбаевтың жұбайлары, профессор Римма Қыдырбаева және т.б. қатысты.

 

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл» онкүндігі 10 күнге созылады. Алдағы уақытта көптеген шаралар: «Суреттер сыр шертеді: кеше-бүгін-болашақта» тақырыбында фотосуреттер көрме конкурсы, «Р.М.Қоянбаев атындағы ең үздік топ» конкурсы, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша студенттердің республикалық Х пәндік олимпиадасы, он-лайн режимінде «Сабақ таныстырылымы» халықаралық конкурсы, «Көптілділік - әлем кеңістігіне апарар жол» студент-магистрант-докторанттар арасындағы полиглот конкурсы, еркін микрофон: «Сегіз қырлы, бір сырлы мамандық иелері», түлектер форумы, «Бүгінгі БОПӘ - өткеннің нәтижесі, болашақтың бағдары» әдеби-сазды кеш жоспарлануда.

 

Ұйымдастырушылар онкүндіктің байытылған бағдарламасы оқу үдерісінің естен кетпес бөлігі, тартымды, жемісті шара боларына сенімді!!!

 

         

 

         

 

         

 

         

 

          

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы



957

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler