қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.04.2018

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Х Республикалық пән олимпиадасы

 

2018 жылдың 9-10 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Х Республикалық пән олимпиадасы өтті.

 

Пән олимпиадасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, профессор Фаузия Оразбаева, профессор Жанат Дәулетбекова, профессор Жаңалық Балтабаева, профессор Қалбике Есенова,доцент Бидана Қабатай, аға оқытушы Айтжамал Рауандина әділқазылық етті.

 

Республика бойынша 22 өңірден ЖОО студенттері қатысқан Пән олимпиадасы 4 кезеңнен тұрды:

1. Топтарын таныстыру кезеңі;

2. Тест тапсыру кезеңі;

3. Топтың бір мүшесінің эссе жазу кезеңі;

4. Панорамалық сабақ көрсету кезеңі.

 

Әділқазылардың шешімімен 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Х Республикалық пән олимпиадасында 1 орынды - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті; 2 орынды - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; 3 орынды - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті иеленді.

 

       

 

        alt=

 

       

 

       

 

       

 

       

 

Қазақ тілінің теориясы және әдістемесі кафедрасы



359

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler