қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
06.04.2018

 

«Рухани жаңғыру: математика, физика, информатика ғылымы мен әдістемесі» көрмесі

 

2018 жылдың 4 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ғылым онкүндігі - 2018» аясында «Рухани жаңғыру: математика, физика, информатика ғылымы мен әдістемесі» көрмесі өтті.

 

Көрменің мақсаты - математика, физика және информатика институтының оқытушыларының ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің таныстырылымы.

 

Көрменің ашылу салтанатында ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, ҒЗЖ, СҒЗЖ және жаңартпа бөлімінің бастығы Гүлзада Байымбетова, математика, физика және информатика институтының директоры Әбдімәулен Бердышев және институт кафедраларының меңгерушілері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

 

Көрме жұртшылықтың үлкен қызығушылығын оятып, мамандардың оң пікірін алды.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

        

 

Математика, физика және информатика институты



622

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler