қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
02.04.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ-да сенбілік өтті

 

2018 жылдың 31 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде сенбілік өтті.


Сенбілікке Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, барлық институттардың оқытушылары қатысты.


Ректор Такир Балықбаев алғы сөзінде сенбілік жұмысына сәттілік тілеп, қатысушыларға оқу ғимараттарының маңайындағы аумақтарды көгалдандыруға және абаттандыруға қатысуға шақырды.


Сенбіліктің абаттандыру жұмыстары №1 оқу ғимаратының алдына ағаштарды символдық отырғызумен басталды. Алғашқы ағаштарды ректор мен институт директорлары отырғызды. Содан кейін сенбілікке қатысушылар өздеріне бөлінген аумақтары бойынша Университет ғимараттарының жанында жұмыс істеді.

 

Сенбіліктегі күннің ашықтығы, ұжымдық фотосуреттер мен дәмді палау шынайы еңбек мерекесіне көрік берді.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

Қоғаммен байласы жөніндегі бөлім


 



977

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler