қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.03.2018

 

Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер!


Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар!

 

 

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Наурыз мейрамы - Қазақстандағы көпұлтты елдің асыға күтетін, бірлік пен ынтымаққа, татулыққа, ауыз біршілікке шақыратын жалпыхалықтық мереке. Наурыз - жаңару мен жасарудың, барша дүниенің жаңа бір күйге енуінің бастамасы әрі сұлулық пен әдеміліктің символы, адамзат бойына ерекше бір жаңа құлшынысты сезім беретін мереке. Бұл күні өкпе-назы барлар бір-біріне кешірім жасаған, ортақ дастарханнан дәм татып, жақсы тілектерін айтқан.

 

Ұлыстың ұлы күні Сіздерді көктемнің ең тамаша мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Сіздерге жаңа шабыт, жаңа шығармашылық табыс және әрқашан жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін!

 

Құрметпен, ректор Такир Балықбаев

 



834

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler