қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.03.2018

 

ҚазҰПУ мамандары Түркиядан келген меймандармен заманауиөнер мен білім беру мәселесін талқылады

 



Жақында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойы аясында «Заманауи өнер мен білім беру. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім беру контекстінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру контекстіндегі заманауи өнер мен білімді дамыту мәселелерін талқылау.

 

Конференцияға ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Түрік халықтарының мәдениет қоры президенті, «Түркі әлемі» газетінің бас редакторы Ахмет Дағдуран, Гази Университетінің профессоры Тимур Резин (Түркия), Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Өнер, мәдениет және спорт институты директоры Нұрдаулет Исабек, Бейнелеу және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Баймұрат Оспанов, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.

 

Ақтолқын Құлсариева алғысөзінде конференцияның ауқымдылығы мен өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференция модераторы Баймұрат Оспанов сөз кезегін ғылыми іс-шараның құрметті қонақтары Ахмет Дағдуранға және Тимур Резинге берді.

 

 

Ахмет Дагдуран түркі дәстүрімен ортақ, жалпытүркілік өркениетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстанның мәдениеті және біздің ортақ дәстүрлерімізді әлемге тәнті еткен қазақ халқы Түркия елі үшін мақтаныш екенін айтты. Профессор Тимур Резин Гази Университеті туралы қысқаша тоқталып, екі университеттің ұстанатын міндеті ортақ, ол білім мен ғылым саласында әріптестікті нығайтып, ортақ ұлттық құндылықтарымызды жас ғалымдарға дәріптеу маңызы зор екенін тілге тиек етті. Түркиядан келген меймандар Абай шығармашылығын жоғары бағалайтындықтарын, сонымен қатар М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, қатысушыларға ғылым бағытындағы ұстанымдарына табыс тіледі.

 

Ұйымдастыру комитетіне конференцияға қатысу үшін 100-ге жуық өтінім қабылданып, олардың шамамен 25% өтінімі Университетіміздің магистранттары және докторанттарынан түскен. Конференциядабілім беру саласыныңқызметкерлері, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдері, жақын және алыс шетел, жас зерттеушілер баяндама жасады. Конференцияның төрт секциясының жұмысы барысында заманауи өнерді және білім беруді дамыту мәселелерінің өзектілігі айқындалып, тыңдармандардың қызығушылығын тудырған ғылыми мақалалардың деңгейі жоғары бағаланды.

 

«Заманауиөнер мен білім беру. Ұлттық және ғалами педагогикалық білім беру контекстінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.

 

 

Авторы: Римма Жанбаева

03.03.2018 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz

 



212

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler