қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
20.02.2018

«Цифрлық университет» халықаралық семинары өтеді

 

Ертең Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2018 жыл 21-23 ақпан аралығында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын және «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Цифрлық университет» халықаралық қазақстан-ресей семинары өтеді. Осы ретте шараны ұйымдастыруға Абай атындағы ҚазҰПУ, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Мәскеу), В.П.Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университеті (Краснояр) ұйымдастыруымен өтетінін айта кетуіміз керек.

 

Халықаралық семинардың мақсаты - цифрлық университеттің мәні, ерекшелігі және технологиясын талқылау, Абай атындағы ҚазҰПУ-де Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасын ашу.

 

Семинарда Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі цифрлық университеттің негізгі мақсаттары, міндеттері және қызмет түрлері; білім алушыларды дайындаудың ерекшеліктері мен университеттің ішкі ақпарат ағымдарын ескере отырып, цифрлық университеттің құрылымы мен тұжырымдамасы мазмұнының элементтері; цифрлық технологияларды қолданып педагогтардың кәсіби қызметтерін іске асырудың ерекшеліктері жәнебілімгерлерді цифрлық технологиялар құралдарын жасау мен қолдануға оқыту; цифрлық университетте білімгерлерді дайындауға қажетті зертхана, STEM-зертханалар; цифрлық робототехника мен мехатроникаға оқытудың теориялық және практикалық әдістері қарастырылады.

 

Семинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Такир Балықбаев, МҚПУ-нің ректоры Игорь Реморенко, РБА-нің корреспондент мүшесі, МҚПУ-нің профессоры Сергей Григорьев, МҚПУ-нің профессоры Вадим Гриншкун, В.П. Астафьев атындағы КМПУ-нің профессорыНиколай Пак, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, РБАА-нің академигі, п.ғ.д., профессор Есен Бидайбеков, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры Бахытжан Ахметов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің мәліметтерді талдау және өңдеу орталығының директоры Жаңыл Мамықова, Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ каф. Меңгерушісі Қайсар Нұрлыбаев, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы (Техас университет) бойынша біліктілікті арттыру курсының түлегі ГүлзадаСержан, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нен өкілдер қатысады.

 

20.02.2018 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz

 

 

 

 



376

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler