қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.10.2011

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиеті

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих факультетінің Отан тарихы және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы көрнекті ғалым, профессор Ж.Қ. Қасымбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық және локальды тарихи кеңістік: зерттеулер, ізденістер, бағыттары» атты тақырыпта «Қасымбаев оқулары»  ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.

Өткізілу уақыты: 2011 жылдың 23 желтоқсаны, сағат 10-00-де.

Өткізілу орны: Алматы қ., 050010, Жамбыл көшесі, 25. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің конференц-залы.

Конференция шеңберінде төмендегідей тақырыптар бойынша мәселелерді талқылау ұсынылады:

1.    Профессор Ж.Қ.Қасымбаев мұраларының теориялық-әдістемелік негіздері.

2.    Далалық өркениет: ежелгі және орта ғасыр дәуірлерінің ерекшеліктері мен тарихи жағдайлары.

3.    XX - XXI ғ.ғ. саяси -әлеуметтік модельдердегі қоғам және жеке тұлға.

4.    Тарихи білім беруді кәсібилендіру және компетентті қадам.

 

Конференцияға қатысу үшін 2011 жылдың 30 қарашасына дейін мына мекен-жайға беру керек: Алматы қ., 050010, Жамбыл көшесі, 25 (Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысы). Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих факультеті, № 713 кабинет.

Конференцияға қатысу үшін өтініш беру үлгісі:

Аты-жөні;

Ғылыми дәрежесі және атағы, қызметі;

Елі, аймағы, қаласы;

Ұйым атауы, ЖОО;

Секция атауы;

Хабарлама немесе баяндама тақырыбы;

Қатысушының байланыс телефондары мен электронды поштасы.

Ұйымдастыру комитетінің телефондары: 8 (727) 291-78-24; 291-76-43; 291-07-03. Электронды пошта: otech.history@mail.ru

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Мәтінді рәсімдеу тәртібі:

Мақаланы, баяндаманы жариялау үшін 30 қарашаға  дейін конференцияның ұйымдастыру комитетіне төмендегідей талаптарды сақтай отырып мәтінді жіберу керек: «Times New Roman» немесе «Times New Roman KZ», 14 кегль, бір аралық интервалмен беттің параметрлері: алаң - жоғары және төменгі - 2 см, сол жағы -3 см және оң жағы -1 см. Автордың аты-жөні, баяндама тақырыбы жартылай қою шрифтпен (жоғарғы оң бұрышында) жақшаның ішінде қатысушының қаласы мен елі, ғылыми дәрежесі мен атағы, қызметі мен жұмыс орны көрсетіле отырып беріледі. Мәтін ғылыми, стилистикалық және техникалық редакцияланған болуы тиіс. Жаңа жол - төртінші таңбаның тұсында (0,8 см табуляциясымен).

Резюме қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі мәтіннің тіліне орай беріледі. Мақала көлемі - 5 бетке дейін: соңғы беттегі мәтіннің толық болғаны дұрыс. Баяндама мәтінінің қағаздағы және электронды нұсқасы бірге, авторының (авторларының) аты-жөні мен файлы көрсетіле отырылып жіберіледі.

Конференция материалдары жеке жинақ болып басылады. Мақала жариялау Абай атындағы ҚазҰПУ есебінен (тегін).

Ұйымдастыру комитеті мерзімінен кеш келген, тақырыпқа сәйкес емес, талапқа сай келмейтін және ғылыми деңгейі төмен баяндамалардың өтінішін қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

 



489

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler