қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.01.2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Аймақтық студенттік пәндік олимпиада

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

 

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 5В050600 "Экономика" мамандығы бойынша 2015 жылдың 17 сәуірінде аймақтық студенттік пәндік олимпиадасының өткізілетіндігі туралы хабарлайды және оның негізгі ережесімен танысуды ұсынады.

5В050600 "Экономика" мамандығы бойынша аймақтық студенттік пәндік олимпиадасы туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы жағдайлар
1. Аталған ереже 5В050600 "Экономика" мамандығы бойынша аймақтық пәндік олимпиадасының ұйымдастырылуы мен өткізілуін реттейді;
2. Олимпиаданың жалпы әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық жетекшілігін ұйымдастыру комитетінің жұмыс тобы жүзеге асырады (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ "Экономика және туризм" кафедрасы).
II.Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері
1. Студенттердің оқу-танымдық және зерттеу қызметін ынталандыру;
2. Студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі жетілдіру үшін жағдайлар жасау;
3. Ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру.
III.Олимпиадаға қатысушылар
1. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының 5В050600 "Экономика" мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге қатысуға рұқсат етіледі;
2. Студенттер олимпиада іс-шараларына командалық құраммен қатысады;
3.Олимпиада барсында қатысушыларға келесі талаптар қойылады:
-команда құрамындағы қатысушылардың межелі саны 3 адамнан аспауы керек.
-Олимпиадаға қатысуға кез-келген оқу бөлімінің 2-4 курс студенттеріне рұқсат етіледі.
4. Үміткерлерді ұсыну құқығы олар білім алатын ЖОО немесе факультеттің Ғылыми Кеңестеріне беріледі.
IV. Аймақтық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Аймақтық студенттік пәндік олимпиада екі кезеңнен тұрады: іштей және сырттай. Олимпиаданың жұмыс тілдері - қазақ және орыс тілдері.
Бірінші кезеңі (сырттай) командалардың ғылыми жобаларының нәтижелері бойынша олимпиада қатысушыларын іріктеу жүргізіледі;
Олимпиаданың екінші кезеңі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау мақсатында 2014 жылдың 17 сәуірінде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да командалардың бекітілген конкурстық тапсырмалар бойынша іштей қатысуы түрінде өткізіледі. Олимпиаданың екінші кезеңіне мыналар кіреді:
1. Нақты кәсіпорын қызметінің экономикалық талдауына негізделген жобаны ұсыну (қазіргі кездегі жағдайы мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар, 5-10 минут);
2. Тест тапсырмаларын, зеректілік пен жалпы дамыту есептерін орындау.
V. Олимпиаданың қаржыландырылуы
1. Командалардың олимпиадаға қатысу шығындары жіберуші жақ тарапынан төленеді (жол ақысы, тәуліктік және баспана шығындары);
2. Барлық ұйымдастыру шығындары (тапсырмаларды, мақтау қағаздарын және т.б. дайындау) мен Шығыс Қазақстан және Өскемен қаласы бойынша саяхаттарды ұйымдастыруды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ көтереді.
VI. Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды жіберу тәртібі
Студенттердің олимпиадаға қатысуы және тіркелуі үшін ЖОО келесі құжаттарды ұсынады:
- жалпы командалық өтінім (Қосымша 1);
- Ұсыным хат (ЖОО-ның немесе факультет кеңесінің шешімінен көшірме);
- талап бойынша рәсімделген команданың ғылыми жұмысы (Қосымша 2 және 3).
Олимпиаданың екінші кезеңіне өткен команда мүшелері өздерімен бірге жеке бас куәлігінің немесе сынақ кітапшасының түпнұсқасын алып келуі керек.
Құжаттар 2015 жылдың 10 сәуіріне дейін кешіктірмей мына мекенжайға жіберілуі тиіс: Өскемен қ., Крылов көшесі, 72, 410 каб., е- mail: kaf_men_market@vkgu.kz.
Олимпиаданың өткізілуі туралы сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуға болады: «Экономика және туризм» кафедрасы, жұм.тел.
8-7232-252444, Жайлаубаева Гульнара Марксовна, ұялы тел.
8.777.312-9661, е-mail: zhaguma@mail.ru.

 

ҚОСЫМША 1

 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өткізілетін АСПО қатысуға өтінім
ЖОО атауы, қала
Команданың атауы
Қатысушы туралы ақпарат: студенттің Т.А.Ә., мамандығы, курсы, байланыс деректері (ұялы телефоны, e-mail)
Олимпиадаға қатысу үшін жұмыс тілі:(қазақ, орыс)
Жетекшінің ғылыми ақпараты: Т.А.Ә., лауазымы және байланыс деректері (ұялы телефоны, e-mail)
Тұратын орны (бар, жоқ)*
* Қатысушыларға ақылы түрде (жіберуші университет тарапынан төленген жағдайда) С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жатақханасында бөлме беріледі.

 

ҚОСЫМША 2

 

Ғылыми жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптар: Мәтіннің форматы: редактор Microsoft Word. Қолжазбалардың жиектері 20 мм болуы тиіс; Times New Roman шрифті, өлшемі-14; жоларалық ара қашықтықтығы - біркелкі. Жұмыстың көлемі 25 бет болуы керек.

Ғылыми жұмыс келесі тараулардан тұруы керек:
1.Мазмұны/тақырыбы
2. Аңдатпа екі тілде - орыс, қазақ (Қосымша 3)
3. Кіріспе
4. Негізгі тарау
5. Қорытынды
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
7. Қосымшалар (егер бар болса)

Олимпиаданың сырттай кезеңіне қатысуға ғылыми жұмыстарды әділқазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:
1. жоба мазмұнының мамандық бағытына сәйкестігі;
2. ғылыми жұмыстың өзектілігі;
3. ұсынылған материалдың ғылымилығы, қисындығы және бірізділігі;
4. жоба идеясының түпнұсқалығы;
5. тәжірибеге енгізу болашағы;
6. әлеуметтік маңызы.

 

ҚОСЫМША 3

 

Ғылыми жұмыстың аңдатпасы
1. Ғылыми жобаның атауы
2. Жұмыс көлемі: ___ бет
3. Қосымшалар саны: ___ бет
4. Әдебиеттер тізімінің саны: ____
5. Жұмыстың мінездемесі:
1) тақырыптың өзектілігі
2) ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері
3) ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік)
6. Ғылыми жетекшінің және автордың қолы және Т.А.Ә.

 



656

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler