қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
16.02.2018

Университетте сейсмикалық жаттығу өткізілді

 

2018 жылдың 14 ақпаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балыкбаевтың тапсырмасымен «Жер сілкінісі кезіндегі университеттің басшылық, командалық және профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің, қызметкерлердің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.


Жер сілкінісі орын алған жағдайда дұрыс әрекет дағдыларын және сақтану іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға Филология және көптілді білім беру институтының студенттері мен оқытушылары қатысып, жер сілкінісі кезінде туындайтын қауіп және жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы ережелермен таныстырылды. Жаттығу барысында студенттерді университеттің аудиторияларынан қауіпсіз орынға эвакуациялау бойынша жаттығулар жүргізілді.


Аталмыш іс-шараға Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, директордың орынбасарлары және профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.

 

       

 

       

 

      

 

Азаматтық қорғаныс штабы



899

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler