қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.01.2018

Биыл Франция қазақстандық 100 студентке грант бөлді

 


 

Қазақстан-Француз қарым-қатынасы беки түспек. Әсіресе білім беру саласында жаңа бағдарламалар қолға алынуда. Биыл бұл мемлекет қазақстандық 100 студентке грант бөліп отыр. Оған Сорбонна-Қазақстан институтының тәлімгерлері қол жеткізе алады. Президенттің биылғы Жолдауының «Адами капитал - жаңғыру негізі» деп аталатын жетінші тапсырмасында білім берудің сапасын көтеру, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керектігі айтылған.

 

«Жолдау біздердің педагог мамандарын дайындайтын университет үшін ерекшелігі зор. Себебі ол адами капитал негізі болып табылады. Яғни білім сапасын көтеру. Осы жерде бізге нақты болатын нәрсесі мынау білім беру бағасының еркіндік беру», - деді Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов.

 

Ал, Медеу ауданының активі Жолдаудағы 10 міндетті талқылау мақсатында жиналды. Бастысы - мемлекеттік бюджеттен биыл әлеуметтік салаға 4 трлн теңге бөлінбек. Аудан әкімі Денсаулық сақтау, білім беру салаларында ауқымды жобалар іске асырылатынын алға тартты. Оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталып та кеткен.

 

«Адами капитал бірінші білімнен басталады. Сол себепті бізде «Думан» ықшамауданында 178 мектеп бар. Сол жерде 1000 бала оқитын жерде 2000 бала оқып жатыр. Соған біз құжаттар дайындап қалаға тапсырдық. 1100 адамға қосымша ғимарат салу жөнінде. Оны қала әкімі қолдап, биыл жұмысы басталады деп ойлаймын», - деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев.

 

29.01.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv

 



286

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler