қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
24.01.2018

Нийде Өмер Халисдемир Университетінен келген делегациямен кездесу (Түркия)

 

22 қаңтарда 2018 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде Нийде Өмер Халисдемир Университетінің ректоры Мухсин Кар мырзамен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Нийде Өмер Халисдемир Университетінің презентациясы өтті.

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің бірінші проректоры профессор Мақтағали Бектемесов және Нийде Өмер Халисдемир Университетінің ректоры профессор Мухсин Кар академиялық алмасу және зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды.

 

Бұл құжат магистранттар мен докторанттарға арналған екі дипломдық бағдарламалардың, ғылыми тағылымдамалардың, сондай-ақ Мевлана алмасу бағдарламалары мен Erasmus + аясында студенттер мен оқытушылардың халықаралық несие мобильділігін дамытуды білдіреді. Нийде Өмер Халисдемир Университетінің әріптестерінің қызығушылығын түркі тілдерін дамытуға бағытталған зерттеулер тудырды. Сондай-ақ, екі университетті таныстыру барысында гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында түркі халықтарының ғалымдарын тарту арқылы симпозиумдарды ұйымдастыру мен өткізуге үлкен көңіл бөлінді.

 

Екі университеттің ынтымақтастығы Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының дамуына елеулі үлес болады деп үміттенеміз.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы

 



902

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler