қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.11.2014

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010800 - Дене шынықтыру және спорт (Дене шынықтыру және спорт бағдарламасы) мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Кулбаев Айбол Тиналовичтің «Спорт түрлері бойынша жарыс өткізу дайындығын ұйымдастыру және басқару негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Қазақтың спорт және туризм академиясында
орындалған. Қорғау тілі - қазақша.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Иосиф Францевич Андрущишин - педагогика ғылымдарының
докторы, профессор. Қазақтың спорт және туризм академиясы.
2. Шет елдік кеңесші:
Мичуда Юрий Петрович
- Украинаның ұлттық дене шынықтыру және спорт университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, Дене шынықтыру және спорт ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор.
Рецензенттер:
Усин Жанат Амангельдинович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Повлодар мемлекеттік педагогикалық институты.
Доскараев Бауржан Мелдебекович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Универсиада 2017 мемлекеттік қорының атқарушы дирекциясы директорының орынбасары.
Қорғау 2014 жылы желтоқсан айының 24-күні сағат 15:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы 6D010000 - Білім (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі 31, Педагогика және психология институты, 26-аудитория. e-mail: turarkhan.2011@mail.ru.

 

Аңдатпа үш тілде



362

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler