қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.11.2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2014 жылғы 14 қазан мен 14 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялайды.

«Дарын» Мемлекеттiк жастар сыйлығы (бұдан әрi - Сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметтерi үшiн берiледi. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
Сыйлық (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.
Сыйлық алу үшін қызметі инновациялық болып табылатын, тиісті саланы және жалпы қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.
Бiр кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатура бiр номинация бойынша сыйлыққа ұсынылады.
Ізденушіге мынадай құжаттар ұсынылады:
ұсынымхат-мінездеме (жетістіктері, марапаттары және т.б.);
ұсынушы ұйымның шешімі;
жеке парақ;
2 фотосурет (4х6).

Комиссия ізденушінің қызметін сипаттайтын қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
Спектакльдердi, кино және телефильмдердi, бейнелеу өнерiнiң көрмелерiн қарауды, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды ұйымдастыру, сыйлыққа ұсынылғандардың қызметімен таныстыру ұсынушы ұйымдармен бiрге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссиясына жүктеледi.
Сыйлық алған адамдарға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты» атағы берiлiп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, марапаттау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
Ізденушілердің жоғарыда аталған құжаттары 2014 жылғы 14 қазан мен 14 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментіне мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі (11 кіреберіс), 245 каб., тел.: +7 (7172) 74 99 51.

 



337

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler