қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
05.11.2010

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлттық тәрбие мәселелері жөнінде «Қазақ этнопедагогикасы – ұлттық тәрбиенің ғылыми негізі» деген тақырыпта  Ғылыми семинар ретінде Дискуссиялық клубтың алғашқы мәжілісі болып өтті.  Семинарға осы саладағы барлық мамандар шақырылып, ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мәжілісте Клубтың мәртебесі, мақсаты мен міндеті анықталып, «Қазақ философиясындағы ұлттық тәрбие мәселелері», «Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-әдіснамалық негізі, Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі», «Қазақстандық жалпы ұлттық идея», «Ұлттық құндылық», «Ұлт менталитеті, ұлттық идея», «Ұлттық сана-сезім», «Ұлттық мінез», «Ұлттық тәрбиедегі тектілік мәселесі», «Отбасылық ұлттық тәрбие», «Балабақшадағы ұлттық тәрбие», «Мектептегі ұлттық тәрбие»,  «ЖОО-ғы ұлттық  тәрбие мәселелері» деген тақырыпта баяндамалар оқылып талқыланды.



888

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler