қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.12.2017

 

«ТӘУЕЛСІЗДІК  - ЕРЛІК, ТАРИХ, ШЕЖІРЕ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ


 2017 жылдың 15 желтоқсаны күні университетімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕРЛІК, ТАРИХ, ШЕЖІРЕ» атты салтанатты шарасы өтті.

 

Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан университет ректоры, профессор Такир Балықбаев «Тәуелсіздік - ол ұлттық мемлекеттілік, оның тамыры - жасампаздық рух, ұраны - ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы қашан да өз тәуелсіздігін бойтұмардай сақтап, еркіндік жолында биіктен биікке ұмтыла бермек» - деп төл мерекеміздің маңыздылығын атап өтіп, барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.

 

2017 жылғы ғылым саласындағы Қ.И. Сатпаев атындағы мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Алия Бейсеноваға,мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлері Абдумаулен Бердышевке, Бахыт Мынбаеваға, «Жас ғалымдар үшін» мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері Жарасбек Байшемировке ерекше ілтипат көрсетілді.

 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында отандық білім мен ғылымды дамытуға сүбелі үлес қосқан университетіміздің 9 оқытушысы және 2 қызметкері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен», 7 қызметкері «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Кәсіптік мамандар даярлауда сіңірген еңбектері үшін 1 оқытушы университетіміздің «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен, 10 оқытушы «Үздік ұстаз төсбелгісімен», 5 қызметкер «Үздік қызметкер» төсбелгісімен, 9 оқытушы «Құрмет грамотасымен», 1 оқытушы және 4 қызметкер «Грамотасымен» және 21 білім алушы университет ректорының арнайы грамотасымен марапатталды.

 

Университеттің барлық штаттық қызметкерлеріне айлық жалақы көлемінде берілген ақшалай сыйақылары төл мерекеміздегі ең үлкен тосын сый болды.

 

Одан әрі салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік концерттің шымылдығын университетіміздің оқу оркестрі Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйімен ашып, Қазақстан Республикасының халық әртісі Сұлушаш Нұрмағанбетова бастағанқазақ эстрадасының әншілері Абай Әбіш, Әділ мен Дана, Мақсат Базарбаев сынды мерекелік салтанаттың көркін қыздыра түсті. Университетіміздің өнерпаз студенттерінің орындауындағы әндер баршы көрермендердің жүрегіне жол тауып, ықыласына бөленді.

 

  

 

  

 

  

 

  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты басқармасы

 



949

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler