қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.09.2011

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 

Ақпараттық хат

 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Академия) және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Университет) республикалық математика пәні мұғалімдерінің І Съезіндегі ұсынымдарды іске асыру жоспарына сәйкес 2011 жылдың 28-29 қараша аралығында «Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика курсы мазмұнының сабақтастығы мәселелері» бойынша республикалық семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты: орта мектеп пен жоғары оқу орнындағы математика курсының мазмұндық және әдістемелік сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.

Семинардың жұмыс бағыттары:

1. Орта мектеп пен жоғары оқу орнындағы математикалық білім беру мазмұнының сабақтастығын оқу-нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері.

2. Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы алгебра және анализ бастамалары курсының мазмұн сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері.

3. Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы геометрия курсының мазмұн сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері.

4. Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы стохастика элементтерінің рөлі мен орны.

5. Қазақ тілінде бірыңғай математикалық терминологияны құрастыру мәселелері.

 

Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, республикалық ғылыми-практикалық орталықтардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, арнайы мамандандырылған мектептердің басшылары мен мұғалімдері қатысады.

Семинардың жұмыс тілі: қазақ және орыс тілдері.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы, 13, конференц-зал.

Семинар материалдары Академия мен Университеттің «Білім-Образование», «12 жылдық білім беру - 12-летнее образование» және «ҚазҰПУ Хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналдарында жарияланатын болады.

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне төмендегі мекен-жай және байланыс жолдарымен хабарласуға болады:

1. Астана қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА. Тел: 87056130743; 87014189865; эл.пошта: t.esen.a@mail.ru.

2.  050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86. Абай атындағы ҚазҰПУ, физика-математика факультеті. Тел: 8 (727) 272-75-87, 261-75-87; факс: 8 (727) 272-75-87; эл.пошта: sh_shirin@mail.ru.

Семинар туралы толық ақпаратты www.nao.kz және www.kaznpu.kz сайттарынан алуға болады.

 

 



535

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler