қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.12.2017

Педагогикалық білім беруді дамыту мәселесі талқыланды


Жақында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен ҚР БҒМ РОӘК «Білім» мамандықтар тобы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

 

Мәжілістің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудың көкейкесті мәселелерін анықтау.

 

«Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудың заманауи міндеттері» тақырыбында өткізілген мәжіліске Оқу-әдістемелік бірлестігінің құрамындағы жоғары оқу орындарының 7 ректорлары мен 54 өкілдері, 9 облыстық (қалалық) білім басқармасының басшылары мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің өкілдері, Алматы қаласының мектеп директорлары қатысты.

 

Кеңейтілген мәжіліс барысында педагогикалық кадрларды орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес даярлау және инклюзивті білім беру үшін педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын жетілдіру туралы мәселелері, оқу құралдарын РОӘК ОӘБ грифтеріне ұсыну қарастырылды.

 

ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов алғы сөзінде жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудың көкейкесті мәселелері мен перспективаларын қарастыру, бағдарламаны жүзеге асыру барысында педагогикалық кадрларды даярлауға қойылатын талаптар, жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге орай жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына, студенттердің біліктілігін критериалды бағалау жүйесіне өзгерістер енгізудің маңыздылығын атап өтті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев Университет тарапынан орта білім берудің жаңартылған мазмұны контекстінде педагогикалық кадрларды даярлау туралы және инклюзивті білім беру үшін педагогикалық мамандықтарының білім беру бағдарламаларын жетілдіру туралы бірқатар ұсыныстарды баяндады. Атап айтқанда, РОӘК ОӘБ-нің басшылығымен орта білім берудің жаңартылған мазмұны контексінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту; «Мектептегі оқыту процесін ұйымдастырудың инновациялық технологиялары мен әдістері» курсын білім беру бағдарламаларына енгізу; Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында оқыту және білім беру инновациялық әдістері бойынша тренер-оқытушыларды дайындауды жүзеге асыру; «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге ҚазҰПУ-нің базасында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру; «Білім» мамандықтары тобы үшін негізгі басылымдар ретінде үздік ғылыми журналдарды анықтау, олардың деңгейі мен ғылыми рейтингін көтерумен қатар басқа да маңызды ұсыныстарды атап өтті.

 

Мәжілісте Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дария Қожамжарова, «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Нұрғали Аршабеков, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарушы директоры Ольга Можаева, Ы. Алтынсарин атындағы Білім Академиясының президенті Жанбол Жилбаев, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Саягүл Смағұлова, Алматы қаласы №54 И.В. Панфилов атындағы Қазақ-Ресей мектеп-гимназиясының директоры Гүлнара Карамендинова, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директоры Шолпан Каринова, ҚР ЖОО білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры, профессор Зульфия Мовкебаева, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғалия Абаева сөз сөйледі.

 

Республикалық оқу әдістемелік Кеңесі Оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі жоғары дәрежеде нәтижелі өтті, талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.

 

 

Авторы: Римма Жанбаева

12.12.2017ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz

 



374

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler