қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.09.2014

логотип ВКГУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

2014 жылдың 13-14 қарашасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасында магистратураның ашылуына 20 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Дөңгелек үстел:

«Қазақстан Республикасы ғылымындағы ЖОО кейінгі білім берудің рөлі мен болашағы»

 

Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

-       Физика-математика және техникалық;

-       Химия және биология;

-       Экология және география;

-       Тарих;

-       Құқық және философия;

-       Экономика;

-       Филология;

-       Психология және педагогика.

Конференция жұмысына қатысуға ғылыми зерттеулері бойынша маңызды нәтижелері бар ғылыми жетекшілерінің ұсынымы бойынша жас ғалымдар, магистранттар, жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушылары шақырылады.

 

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 10 қыркүйегінен 15 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

-       белгіленген үлгі бойынша қатысуға  өтінім;

-       ғылыми жетекшінің ұсыным - рецензиясы;

-       төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес келетін мақала;

-       ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжат көшірмесін (тек баяндаманың конференция бағдарламасына енгізілгені туралы ақпараттан кейін ғана).

 

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ

 

Баяндамалар мақала түрінде көлемі суреттер, графиктер, кестелерді қоса санағанда 4-5 беттен аспайтын қағаз нұсқасында А4 (210-297 мм) форматта  қабылданады. Мақала Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтімен теріледі: негізгі мәтін - 14 шрифтпен (кестелер, суреттер, графиктер атаулары 10 шрифтпен), аралық интервалы - 1, азат жол - 0,7 см. Жиектері: сол жағы - 20 мм, оң жағы - 17 мм, үстіңгі мен төменгі жақтары - 20 мм. Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, астында бір жолдан кейін майлы (жуан) кіші әріптермен автордың тeгi мен инициалдары (бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекші көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып - баяндама мәтіні көрсетіледі. Баяндама ішінде тек сызықша ретіндегі маркерлер, ал нөмірлеу тек жақшасы бар араб сандары түрінде қолданылады. Әдебиеттер тізімін міндетті түрде көрсету қажет (оларға сілтеме тік жақшаның ішінде болуы керек). Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін бір жол қалдырылып жазылады.

Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ  ҮЛГІСІ

 

ӘОЖ 669.162.214

 

Н.Н.Назаров, А.Е. Елемесова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТУРИСТІК

ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ

 

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. (14 pt)

 

1-кесте - Ет ұлпаларының және мал етінің химиялық құрамы (10 pt)

 

Ұлпалар аты

Мөлшері,%

ұшадағы

ұлпа

су

ақуыз

май

күл

бұлшы

 ет

50-70

72-80

18-20

2-3

0,7-1,5

май

2-40

5-32

0,8-5,0

60-94

0,1-1,0

жалғаушы

9-12

58-63

21-40

1,0-3,3

0,5-0,7

сүйек

8-30

15-53

14-23

6-30

14-50

 

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [1].

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [2]:

1)  Баяндама мәтіні;

2)  Баяндама мәтіні;

3)  Баяндама мәтіні.

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні [3]:

-      Баяндама мәтіні;

-      Баяндама мәтіні;

-      Баяндама мәтіні.

 

1-сурет - Еуразиялық емен (10 pt)

 

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. (14 pt)

 

Әдебиеттер тізімі

 

1      Афанасьев Ю.А., Фомин С.А. и др. Мониторинг и методы контроля окружающей среды: Учеб. пособие. - М.: Изд-во МНЭПУ, 2001. - 208 с.

2      Белоусова Е. Экологический мониторинг природной среды // Экономист, 2002 № 7. С. 81 - 87.

3      Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года № 212-III (с изменениями и дополнениями по состоянию на 17.01.2014 г.)


Жұмыстарды қабылдау:

 

Басқа ұйымдар студенттері мен жас ғалымдары үшін: мақаланың электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына konfer_vkgu@mail.ru жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Назаров ҚазҰУ өтінім; Назаров ҚазҰУ мақала, Назаров ҚазҰУ төлемақы.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен жас ғалымдары үшін: мақала мәтінінің қағаз нұсқасының бір данасы (беттер саны көрсетілмейді) және CD дискідегі электрондық нұсқасы  Ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Мақалалардың қағаздағы және электрондық нұсқасы бір-біріне сәйкес болуы керек.

Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.

Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге (бір мақала үшін) көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «БТА-банк» АҚ ШҚО бөлімшесі  181800014976; ИИК KZ16319B010000333860,  БИК ABKZKZKX, БИН  990240007414, КБЕ 16: «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

 

Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, №403 каб.

Байланыс телефондары:

8 (7232) 241-401 - ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.

 

логотип ВКГУ

«Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы қатысушының

 

САУАЛНАМА - ӨТІНІМІ

 

 

Автор (лар)

Ғылыми жетекші

Тегі

 

 

Аты

 

 

Әкесінің аты

 

 

ЖОО (Факультет пен кафедраны толық көрсету)

 

 

Автор: курс, мамандығы (шифрымен);

Ғылыми жетекші: лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы

 

 

Индекс, қала, көшесі, үй, пәтер (материалдар жинағын жіберу үшін)

 

Байланыс телефоны

 

E-mail

 

Баяндама атауы

 

Бағыт атауы

 

Конференцияға қатысуы (іштей, сырттай)

 

Университет қонақ үйінде бөлмені жалдау қажеттілігі (иә/жоқ)

 

 





Әрбір тармақ міндетті түрде толтырылуы қажет.

 



434

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler