қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
19.10.2017

 

«Рухани жаңғыру: Абай, Шәкәрім мұралары»

 

2017 жылғы 18 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика институында  «Тұлғатану» орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дана Мұқатованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Абай, Шәкәрім мұралары» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс өткізлді. Дәріске белгілі абайтанушы ғалымдар, әдебиетшілер, Абайдың ұрпақтары атынан Нұргүл Әлшерқызы қатысты.

 

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Ерболат Баятов, Абай атындағы ҚазҰПУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы адами-рухани құндылықтар туралы мазмұнды дәрістер оқыды. Саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын Молдағалиұлы Борбасов Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өзектілігі, қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады.

 

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім

 

 



890

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler