қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
25.08.2017


CLIL технологиясы бойынша тренинг

           2017 жылдың  22 және 25 тамыз аралығында   Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізіндегі РОӘК ОӘБ   «Study Innovations» білім беру холдингісімен бірлесе  бакалавриат  мамандықтарына  ағылшын тілде дәріс беруші  оқытушыларға CLIL технологиясы бойынша   5В011000-Физика,  5В011100-Информатика,  5В011200-Химия, 5В011300-Биология  мамандықтары  аясында ағылшын тілінде  тренинг өткізді.

         Технология CLIL (Content Language Integrated Learning) ағылшын тілінде  педагогикалық кадрларды даярлауға және жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқытуды  жетілдіртуге ықпал етеді, сондай-ақ  ағылшын тілін уйренуді  арнайы пәндерді оқыту құралы ретінде қарастырады.

     Тренингтің мақсаты түрлі мазмұнды (мысалдар, жаттығулар) ескере отырып, практикалық тапсырмаларды қолдану арқылы CLIL технологиясының философиясын түсіну әдістемесі туралы түсінік беру.

       Тренингті өткізу шарасы тренингті өткізу барысында ағылшын тілі оқытушыларының белсенділігін арттыру мен мамандардың біліктілігін арттыру және физика-математикалық, химия -  биологиялық, сонымен қатар гуманитарлық пәндер бағыты бойынша  кәсіби біліктіліктерін жоғарлату мен  аса білікті мамандарды  даярлау үшін профессор-оқытушылар құрамын оқытуды көздейдi.

           Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізіндегі РОӘК ОӘБ  ағылшын тілінде  дәріс өткізуші университет профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында «Study Innovations» білім беру холдингісімен  ұзақ мерзімді ынтымақтастықты  орнатуды  жоспарлап отыр.




Кері оралу