қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
31.07.2017

 

 

АБАЙ ЕЛІНЕ  САЯХАТ

 

         Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында ұлттық жаңғыру, ұлттық кодты сақтау мәселесі ел дамуының негізгі қағидаларының бірі ретінде қарастырылады. Ұлттық кодты сақтау үшін салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетіміз бен жоралғыларымызды болашақ ұрпаққа жеткізу үшін  Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

         Осы орайда университет ректоры Такир Оспанұлының тапсырмасымен ағымдағы жылдың 19-29 шілде күндері аралығында білім ордамыз бен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі арасында өзара ынтымақтастықты орнату, ұлы ақынның мұраларымен тереңірек танысу мақсатында Тәрбие басқармасы жанындағы Әлеуметтік бөлім басшысы Е. Шарғынов, «Абайтану» орталығының директоры               Ж. Шойымбет және 2 курс докторанты А. Ержанов арнайы іс-сапармен Семей қаласындағы Абай мұражайына барып қайтты.  

         Танымдық іс-сапар Абай мен Шәкәрім жатқан қасиетті өлке Жидебайдан бастау алды. Жидебайдағы Абайдың қорық-музейіндегі және Абайдың немере інісі, қазақ халқының ардақты ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының соңғы қонысы болған Саят қорадағы  құнды жәдігерлермен танысып, Абай мен Шәкәрімнің, Абайдың әжесі Зере, анасы Ұлжанның қабіріне барып зиярат етті. Одан кейін шежірелі Шыңғыстау бөктерінің тарихымен танысып, Мұхтар Әуезовтың туған жері Бөріліге де ат басын тіреді.

         Онкүндік іссапар барысында Семейдегі Бас мұражайдағы «Абай жолы: Алашты паш еткен әлемге» және жаңадан ашылған «Алашқа атым шыққан Әсет ақын» атты көрме залдарын,  «Алаш арыстары - М.Әуезов» мұражай-үйі ғимараты және Абай Құнанбайұлы білім алған Ахмет Риза мешіт-медресесін тамашалады.

          Алдағы уақытта  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің өзара ынтымақтастығын дамыту және шығармашылық қарым-қатынасты нығайту мақсатында  меморандумға қол қойылып,  екіжақты ынтымақтастықтың белгісі ретінде музей қызметкерлеріне университетіміздің Тәрбие басқармасы шығарған «Абай айтады» және «Абай лұғаты» атты танымдық кітапшалар сыйға тартылды.

Өз кезегінде  музей ұжымы қара шаңырақтың кітапхана қорына Хәкім Абайдың қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілінде жарық көрген өлеңдер жинағын тарту етті.

         Іссапар соңында университет өкілдері алыптардың асыл мұрасын көпшілікке насихаттап жүрген мұражайдың ғылыми қызметкерлеріне еңбекте табыс тілеп, зор алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

 жастар саясаты жөніндегі басқарма

 




Кері оралу

 
 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Талапкерлерге
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Карьера орталығы
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңбері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы №1 филиалы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге
  • Емтихан кестелері

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті