қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
22.06.2017

 

РЕКТОР  УНИВЕРСИТЕТ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

               2017 жылдың 21 маусымы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  жуырда тағайындалған  ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Балықбаев Такир Оспанұлы  қара шаңырақ жастарының хал-ахуалымен танысу мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы бастаған бір топ белсенді жастармен  кездесті.

             Кездесу барысында белсенділер Такир Оспанұлын жаңа қызметімен құттықтап, университет жастары атынан жылы лебіздерін білдірді. Сөз бастаған  Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Рашид Сеитов аталмыш ұйымның  құрылымы, қызметі, атқарылған және атқарылатын шаралар жоспарымен таныстырып өтті. Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Оразбаев өз кезегінде  білім ордамыздағы әлеуметтік қолдауға зәру студенттерге көрсетілетін көмек түрлері мен белсенді студент-жастарды ынталандыру  шаралары туралы қысқаша баяндады.

          Ал, Мәдениет бөлімінің бас маманы Балжан Шораева университеттегі дарынды  жастардың шығармашылығын дамыту, оларды көпшілікке таныту  бағытындағы жұмыстарға тоқталып, қала, республика деңгейінде университет атын шығарып жүрген өнерпаз студенттерді ерекше атап өтті.

          3 курс студенті,  «Жас қалам» әдеби-шығармашылық клубының мүшесі, жас ақын Роза Тәжібаева ақынжанды жастарымыздың көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді тілге тиек етіп, қарт ҚазПИ-дің жаңа басшысына жүрекжарды тілегін өлеңмен жеткізді.

          Өз кезегінде университет ректоры Такир Балықбаев білім шаңырағының имиджін  көтеру, жастардың белсенділігін арттыру бойынша белсенділер тарапынан  айтылған ұсыныстарын  назарға алып, алдағы уақытта барлық бастамалардың қолдау табатындығына сенім білдірді.

 

 

Жастар ісі жөніндегі комитет

 

 

 

 



941

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler