қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.06.2017

 

Қытай студенттері  ЭКСПО 2017-де

 

        Орыс тілі және әдебиеті кафедрасында  семестрлік оқуды аяқтап жатқан  Чжэцзян университетінің (Қытай) студенттері 2017 жылдың 13-16 маусым аралығында Қазақстан бойынша  тағы бір сапарға аттанды.  Олар кафедраның екі  оқытушысы   М.К. Абаева және А.А. Джундубаеваның сүйемелдеуімен біздің астанамызды аралады.  Саяхат  барысында Қытай қонақтары Астананың көрікті жерлерімен танысып, ЭКСПО-2017 көрмесіне барып қайтты. Қытай, Қазақстан, Түркия, Германия елдерінің павильондары студенттерге есте қаларлықтай әсер етті.

        Осындай  тамаша  сапар университетіміздің  оқу ісі жөніндегі проректоры  А.Т Құлсариеваның  қамқорлығы мен қолдауының  арқасында   жүзеге асты.

 

 

 

 

 



691

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler