қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.03.2014

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТЕТІ
 
ТАРИХ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
 
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университететінің Тарих, халықаралық қатынастар және құқық факультеті «Бірыңғай ғылым мен білім кеңістігінің қалыптасу жағдайларындағы студенттік ғылым» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференция 2014 жылдың 9-10 сәуір күндері өтеді.

 

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өтеді:

-          Отандық және жалпы тарих саласындағы зерттеулер;

-          Археология, этнология, өлкетанудың өзекті мәселелері;

-          Әлеуметтік ғылымдар, философия, саясаттану, экономика, құқық және мемлекеттік басқарудың жалпы сауалдары;

-          Халықаралық қатынастар, аймақтану, шекаралас ыңтымақтастық саласындағы зерттеулер;

-          Психология, педагогика, оқыту әдістеменің өзекті мәселелері;

-          Гуманитарлық зерттеулер саласындағы қазіргі тенденциялар.

Студенттер, жас ғалымдар (магистранттар, докторанттар, аспиранттар, ізденушілер) шақырылады. 10-11 сынып оқушыларының, колледж студенттерінің қатысуына мүмкіндік бар.

 

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс.

Конференцияға қатысу үшін 2013 жылдың 23 наурызға дейін келесі мекен-жайына өтінімді жіберу қажет: 070020, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қалысы, 30-шы Гвардияшылар дивизиясы к. 34, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы (№1 оқу корпусы, 216 дәрісхана.), т.8777 2675629 (Егоренкова Елена Николаевна), e-mail:  egorenkova_e@rambler.ru, kaf_mo@vkgu.kz

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ISBN және ББК кітаптың халықаралық стандартты нөмірі берілген PDF-форматында қатысушылардың баяндамаларының электронды жинағын шығару жоспарлануда. Материалдар  Өскемен қаласындағы мекен-жай бойынша немесе аталған электрондық поштаға жіберіледі. Материалдарды жинаққа қабылдау дедлайні (соңғы мерзімі) 2014 жылдың 20 сәуірі.

Материалдарға қойылатын талаптар:

Материалдар компьютерлік баспада шыққан, суреттер, схемалар, кестелер қосылған, 5 толық параққа дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2 нұсқада жіберіледі:

-          А4 (210-297 мм) форматтағы парақтарда (мәтінің соңында ғылыми жетекшінің қолы және мөрі қойылады). Басқа қалалардан жіберушілер сканерленген нұсқаны жібереді;

- электрондық нұсқада.

Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтімен: негізгі мәтін - 14 шрифтпен, 1,0 аралық интервал, азат жол - 1,25 см теріледі. Cуреттер мен формулалардың астындағы жазбалар: ортасында, 12 кегль.

Барлық мәтін айтылған форматта ішінде орнастырылу қажет (сол жақ жиегі - 3 мм,  оң жағы - 2 мм, үстіңгі мен төменгі жақтары - 25 мм. Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, оның астында келесі жолда үлкен әріптермен автордың тeгi мен инициалдары (бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекші көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің, қаланың және мемлекеттің атауы жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып - баяндама мәтіні көрсетіледі.

Материалдар барлық талаптар бойынша мұқият сақталып, өңделуі  тиіс. Материалдардың мазмұны мен шынайылығына мақала авторлары толық жауапкершілікте болады.

 

Құрметпен, конференцияның ұйымдастыру комитеті.

 

 

 

Мақаланы рәсімдеу  үлгісі  (2014 жылдың 20  сәуіріне дейін)

 

ӘОЖ 396.01

Ларицкая М., Егоренкова Е. 

С.Аманжолов атындағы  Шығыс  Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы

 

Германиядағы гендерлік саясат

 

Баяндаманың мәтіні  Баяндаманың мәтіні   Баяндаманың мәтіні   Баяндаманың мәтіні    Баяндаманың мәтіні  [3; 12-13 б.].  (14 pt)

 

Кесте 1 - Үшінші Рейхтегі әйел еңбегін пайдалану салалары  (12 pt)

Еңбек саласы

%  еңбектегі халықтың жалпы санынан

 
 

Қызмет

27

 

Әскер

4

 

 

Баяндаманың мәтіні  Баяндаманың мәтіні [2]: Баяндаманың мәтіні  Баяндаманың мәтіні    Баяндаманың мәтіні  [4; с.10]:

1)     Баяндаманың мәтіні;

2)     Баяндаманың мәтіні;

Баяндаманың мәтіні  Баяндаманың мәтіні  [5; с. 36]. Баяндаманың мәтіні.

Сурет 1 - Компьютер (12 pt)

 

Баяндаманың мәтіні  Баяндаманың мәтіні  [1]. (14 pt)

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Боков Ю. А. Избирательные права женщин германских государств до 1919 года [Электронный ресурс]/ Ю. Боков // Молодежный научный портал. - Режим доступа: www.lomonosov-msu.ru

2 Большая Советская Энциклопедия [Электронный ресурс]. - Режим доступа : http://bse.sci-lib.com

3 Зигмунд А.М. - Женщины 3-го рейха. - М., 2005. - 217с.

4 Речь Гитлера перед Национал-социалистическими женщинами на съезде НСДАП в Нюрнберге, 8 сентября 1934 г.//  Вопросы истории. - №4. - 1997. - С. 10-11.

5 Речь имперского министра народного просвещения и пропаганды Йозефа Геббельса по поводу открытия в Берлине выставки "Женщина", 19 марта 1933 г. //  Schneider R. Frauen unterm Hakenkreuz. -  Hamburg, 2001.- S. 34-38.

Ескерту: әдебиет тізімі алфавит бойынша құрастырылады

 

 

Конференцияға қатысуға

ӨТІНІМ

(2014 жылдың  23 наурызына дейін)

 

 

Автор (лар)

Ғылыми жетекші

Тегі

 

 

Есімі

 

 

Әкесінің аты

 

 

ЖОО (толығымен факультет, кафедраны көрсету)

 

 

Автор: курс, мамандығы (шифрмен),

Ғылыми жетекші: лауазымы, ғылыми дәрежесі

 

 

Баяндама атауы

 

Секция атауы           

 

Конференцияға қатысу (күндізгі, сырттай)

 

Мекен-жай: мемлекет, қала

 

Байланыс телефон (қаланың кодымен)

 

E-mail

 

 

 

 

 

 

 

 



636

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler