қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.02.2014

 

Абай атындағы ҚазҰПУ құрамындағы

институттар, факультеттер және кафедралар назарына:

 

                Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілуіне орай, білім саласындағы әріптестікті оданәрі дамыту және қытай тілін үйретуді оңтайластыру мақсатында, университетіміз бен Қытайдың Іле педагогикалық университеті арасындағы келісім-шартқа сай, университетімізде «Қазақ-қытай ғылыми-мәдени, инновациялық дамыту және оқыту  орталығы» ашылған еді. Орталық биыл ақпан айынан бері Қытайдан келген оқытушылардың қатысуымен  қытай тілін үйрету курсын ашып жұмыс істеуде.

                Қытай тілі мен мәдениетін үйренуге қызығушылық танытатын, болашақта Қытай елінде білім алуды қалайтын  магистранттардың және студенттердің орталықтан  ақысыз білім алуына  мүмкіндік бар. Курсанттардың өздерінің факультетінен сонда оқитыны туралы анықтама алып келуiн ескертеміз

                   Орталықтың мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті басғимараты 115 және 107 кабинеттер.

 

                Құрметпен:

 

                Абай атындағы ҚазҰПУ  халықаралық байланыстар басқармасы,

         «Қазақ-қытай ғылыми-мәдени, инновациялық дамыту және оқыту  орталығы»

 

 

                Жауапты адам:       

                                           Сарқытқан Қастер

                Байланыс:

                   Tel. :   8-702-586-1828 

                               8-707-117-0515

                               8-727-291-9833(tel/fax)

                   Е-mail :    kaster0102@mail.ru

 

 



594

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler