қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Жунисова Майра Абибуллаевна

Жунисова Майра Абибуллаевна

 

ЖҮНІСОВА МАЙРА ӘБИБУЛЛАҚЫЗЫ. 25.05.1971ж. Қызылорда обл., Жаңақорған ауд., Қожакент ауылында туылған. 1989-1994ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын үздік бітіріп, 1994-1997ж. аталған ЖОО аспирантурасында оқыған. 2004-2006ж. Ғылым бөлімінде аға ғылыми қызметкер болған. 1999ж. 26.02. ҚР ҒА А.Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты Ғылыми Кеңесінде «10.02.06 - Түркі тілдері» мамандығы бойынша «Ескі түркі тілдеріндегі етіс категориясы» атты кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2006ж. «10.02.02 - Тіл білімі» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.

ҚР БҒМ ЖОО Қауымдастығының А.Байтұрсынұлы атындағы Қола медалі иегері (2014); ҚР БҒМ Қыздар университеті «Құрмет белгісі» медалінің иегері (2014); «ЖОО Үздік оқытушысы-2016» мемлекеттік грантының иегері (2017).

Ғылыми ізденісі: 150-ге жуық  ғылыми-зерттеу жұмыстарының (оның ішінде: 5 SCOPUS (1 мақала өндірісте, 15 шетелдік журналда), 3 монография «тіл тарихы етіс категориясы» (2006, 2014, 2016), («Қазақстандағы Қашқаритану» қазақ, ағылшын тілдерінде (2017)) авторы. 

ҚР ЖОО-ына арналған 1 электронды оқулық «Жалпы тіл білімі» электронды оқулығының (авторлық куәлігімен (2015), 1 оқулық «Заманауи қазақ тілі» (2008), пен 12 оқу құралдарының авторы: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» (2008), «Іскери қазақ тілі» (2008), «Жалпы тіл білімінен өздік жұмыстар» (2012), «Әлемдік лингвистика тарихы» (2012), «Түркі тілдерін тарихи дәуірлеу» (2013), «Руна - салауаттылыққа жол» (психолингвистикалық тренинг, 2014ж.), «Жалпы тіл білімі» (2016), Әлемдік лингвистика (2016), «Әлеуметтік лингвистика» (2016), «Қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттар» (қазақ, ағылшын тілдерінде) авторы.

Кәсіби ұйымдардағы мүшелік: 2014ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Түлектер қауымдастығының мүшесі. Түркі елдеріндегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Түркі дүниесі қауымдастығының мүшесі. Мевлана халықаралық Білім беру бағдарламасы бойынша 2015 жылдың сәуірінен 2016 жылдың сәуіріне дейін 3 айлық лекция оқу курсына қабылданған: www.nigde.tr

Оқытатын пәндері: «Лингвистикалық терминдер теориясы», «Қазақ диалектологиясы», «Түркі тіл білімі: қашқаритану»; «Ономастика негіздері», «Қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттар», «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері». 

 


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler